Дс, 20/11/2023 - 09:28


ҚР Сот әкімшілігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Данияр Сапарбек аудандық және оларға теңестірілген соттар әкімшілерінің басшыларымен семинар - кеңес өткізді.
Кеңеске басшының орынбасарлары Г.Кәрімова, М.Бүркіт, департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, облыс соттары әкімшілерінің басшылары қатысты.
Жергілікті соттармен кеңесте сот құжаттарын уақтылы «Төрелік» АЖ-не енгізу, істерді автоматтандырылған түрде бөлу қағидаларын сақталуын, соттардың мұрағаттарын тексеру қорытындысы, істерді және атқару парақтарын уақтылы жолдау және өзге де жұмыс мәселелері талқыланды.
Департамент бөлімдерінің басшылары және мамандары атқарушылық тәртіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманың сақталуы және басқа да тақырыптар бойынша баяндамалар жасады.