Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ақмола облысының аудандық және мамандандырылған соттарының төрағалары тағайындалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Онлайн тәртібінде өткізілген Ақмола облыстық сотының жалпы отырысында облыстық соттың төрағасы Досжан Әмір Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ақмола облысының аудандық және оларға теңестірілген соттарына тағайындалған төрағаларды таныстырды.

«Қазақстан Республикасы соттарының төрағаларын, сот алқаларының төрағалары мен судьяларын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 31 мамырдағы Жарлығымен Зеренді аудандық сотының төрағасы қызметіне Қайрат Хасенов, Сандықтау аудандық сотының төрағасы қызметіне Лариса Сексенбаева, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы қызметіне Торқалы Бектұрсынов, мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы қызметіне Азамат Аймұхамедов және Целиноград аудандық сотының төрағасы қызметіне Ажаргүл Шәмшінұрова тағайындалды.

Досжан Әмір тағайындалған төрағаларды құттықтап, жұмыстарына табыс тілеп, мемлекет пен халық алдында жүктелген жауапкершілігі туралы еске салып, сот төрелігін сапалы іске асыруда заң үстемдігін қамтамасыз етуге және азаматтардың сотқа деген сенімін нығайтуға тапсырма берді.

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі