Соттар іс-шаралар өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

      Зеренді аудандық сотының төрағасы Қайрат Хасенов судьялардың және  «Атамекен» ҰҚП-ның өкілінің қатысуымен «Бизнес өкілдеріне қатысты қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық істерді қарау барасында туындайтын   мәселелер» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.
 

      Егіндікөл аудандық сотының төрайымы Кабира Садуақасова және судья Секербай Қасқарбаев «Есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік» және «Электрондық құрылғыларды пайдалану арқылы алаяқтық» тақырыптары бойынша аудан әкімінің орынбасары, прокурор, полиция инспекторы, кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспектордың қатысуымен дәріс оқыды.

     Көкшетау қаласының мамандандырылған тергеу сотында жасырын тергеу әрекеттерін санкциялау туралы материалдарды тіркеу және есепке алу мәселелер бойынша сот әкімшісінің мамандарына  семинар өтті.  
Бас маман Б.Жұмалина жасырын тергеу әрекеттерін санкциялау туралы материалдар бойынша іс қағаздарын жүргізу, қабылдау, тіркеу, есепке алу, жолдау және т.с.с. тек қана құпиялылық режиміне рұқсаты бар, сот кеңсенің қызметкерімен жүргізілетінін атап өтті.

     Ақмола облысының МАЭС әкімшісінің басшысы Самал Абдрахманова мамандар үшін  «Азаматтық істер бойынша сот актілерін орындау, атқару парақтарын жолдау» тақырыбына семинар сабағын өткізді.Семинарда  азаматтық істер бойынша сот актілерін орындаудағы, атқару парақтарын жолдау жөніндегі ұсыныстар мен сұрақтар талқыланды.

 

 

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі