жм, 17/11/2023 - 17:43


2023 жылдың қаңтары-мамыры аралығында «Д.» Щучинск қаласында зорлық-зомбылық қолдану қаупімен бес жәбірленушіге психологиялық қысым көрсетіп, оларды ақшалай несиелер ресімдеуге мәжбүр еткен, телефондарын тартып алып, ломбардқа тапсырған, банктің мобильді қосымшасынан ақша ұрлаған.
Бұдан бөлек, «Д.», «П.» және «К.» сөз байласу арқылы адамдар тобымен пышақ, келдекпен қорқытып, жәбірленуші «Н.»-ді банкте несие ресімдеуге мәжбүр етті.
Сот кінәлілердің әрекеттерін алдын ала сөз байласып тонау, алаяқтық, адамдар тобымен бірнеше рет жасаған қорқытып алу деп бағалады (Қылмыстық кодексінің 191-бабынің 1-бөлігі, 190-бабының 1-бөлігі, 194-бабы 2-бөлігінің 2),3)-тармақтары, 194-бабы 2-бөлігінің 2) тармағы).
Сотталушылар кінәсін сотта мойындап, өкініп, төрт жәбірленушіге келтірілген залалды өтеді.
Сот үкімімен «Д.» 4 жыл 6 айға, «П.» 4 жылға, «К.» 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.
Сотталғандардан жәбірленуші «Н.»-нің пайдасына 120 000 теңге материалдық залал және 600 000 теңге сомасында келтірілген моральдық зиянның өтемақысы ортақ тәртіппен өндіріп алынды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.