Есіл ауданының тұрғыны есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз сақтағаны үшін жазаға тартылды
24/05/2016
Ақмола облысы Есіл аудандық соты Есіл ауданының тұрғынына қатысты қылмыстық іс қарады.
Сотпен, полиция қызметкерлерімен жедел- іздестіру шараларын өткізу барысында Есіл ауданының тұрғыны ұсталынып, тінту барысында 42,8606 грамм өлшеміндегі 7 қағаз орамасына оралған гашиш есірткі заты тәркіленгені анықталды.
Сот үкімімен ер азамат Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 296-бабының 3-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) кінәлі деп танылып, оған 30 АЕК мөлшерінде айыппұл жаза тағайындалды.
Источник:
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі