Сотта тараптар медиативтік келісім жасады
24/03/2017
Ақмола облыс Шортандық аудандық сотында әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін азамат П-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сот анықтағандай, азамат П. алкогольдік масаң күйде анасына былапыт сөйлеп, оның қадір-қасиетін қорлаған.
Сотта кәсіби емес медиатордың қатысуымен құқық бұзушы жәбірленушімен татуласты.
Сот қаулысымен медиация тәртібінде татуласуына байланысты азамат П-ға қатысты әкімшілік іс қысқартылды.
Қайнар:
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі