Ақмола облысының судьялары мен сот қызметкерлері қан тапсыру бойынша қайырымдылық іс-шарасына қатысты
22/06/2017
Ақмола облысының судьялары мен сот қызметкерлері дүние жүзілік қан доноры күні қарсаңында қан тапсыру бойынша қайырымдылық іс-шарасына қатысты.
Қайырымдылық акциясын «ҚР судьялар Одағы» РҚБ-нің Ақмола филиалы және облыстық қан Орталығы бірлесіп ұйымдастырды.
Облыстың сот жүйесінен 17 донор қан тапсырды, оның 8 тұрақты донор, 9 алғаш рет тапсырушылар.
«Өз еркімен донор болу - адамдардың өмірін құтқаруда пайдасын тигізгені үшін мақтаныш және қуаныш сезімдерін ұялатады» - дейді судьялар мен мамандар.
Облыстық қан Орталығының қызметкерлері облыстық соттың басшылығына акцияны өткізуге жәрдем көрсеткендері және барша донорларға ерікті донорлыққа қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдірді.
Источник:
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі