Медиация институтын дамыту бойынша пилоттық жоба шеңберінде Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты меморандум бекітті
19/09/2017
Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты және «Медиацияны дамыту орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігімен ынтымақтастықты нығайту мақсатында меморандум бекітті.
Бекітілген меморандум аясында екі жақты келісім бойынша ынтымақтастықты жан-жақты дамыту және медиация институтының азаматтық сот істерін жүргізуде белсенділігін арттыру; медиация институтының артықшылығы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу; облыста медиация институтын дамытуға қызығушылық танытуда өзара мәліметтермен және өзге де ақпараттармен алмасу; дауларды медиация тәртібінде шешу тұрғысындағы тәжірибені түсіндіру жұмыстарына бағытталған семинарлар, дөңгелек отырыстар және басқа да іс-шаралар өткізу.
Источник:
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі