Тарихы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Көкшетау уезінің 1-ші ауданының халық соты 1920 жылы 01 ақпанында құрылды.

1920 жылғы 27 ақпанындағы Көкшетау уезінің революциялық  комитетін (ревком) басқару бөлімі жөніндегі №2 жинағында уезд милициялық және халық соттары учаскелеріне бөлінгені туралы мәліметтер бар.

Ревкомның және Кокчетав қаласының  тоқсандық комитетінің өкімімен халық сотының өкілдерін және халық билеріне кандидаттарды таңдау туралы мәселе қойылды.

Халық судьяларының лауазымдары таңдаулы болды, олар тікелей Кокчетав губерниялық юстициясына бағынды.

Ақмола губерниясының Кокчетав уезінің әкімшілік  кеңесінің 1922 жылғы 17 наурыздағы «Сот және тергеу учаскелерін аудандастыру уралы» қаулысына сәйкес, учаскелері бөлінді. Кокчетавтың 1-ші учаскесі  - 10 аумақты қамтамасыз етті: Алексеевка, Александровка, Большехромовка, Сухотино, Келлеровка, Ивановка, Павловка, Заградовка, Троицк, Зеренді.

Кирнаркомсовмюсттің 1922 жылғы 10 маусымдағы №3596 өкімінің және Акмолгубсовнарсудтың  1922 жылғы 10 маусымдағы №21 қаулысының негізінде Кокчетав губерниялық юстициясы қысқартылды. 

Губерниялық юстицияның қысқартылған мезгілінен бастап әрбір  сот-тергеу учаскелері жеке-жеке тікелей Акмолгубсовнарсудтың әкімдік-өкімшілік бөліміне бағынды.

1925-1956 жылдары Кокчетав қаласы  бір сот учаскесімен қамтамасыз етілді. Сот-тергеу органдары қалалық бюджетте болды.

1945 жылдың тамызында сот участігі халық сотының функциясын атқаруға кіріседі және екі учатікке бөлінеді, ал 1957 жылдың желтоқсанынан бастап үшінші участогі жұмыс істей бастады ( қылмыстық істер жөніндегі үкімдердің алғашқы түпнұсқалары 1957 жылғы 19 желтоқсаннан басталған).

Көкшетау қалалық депутаттар кеңесі атқару комитетінің 1959 жылғы 18 желтоқсандағы «Халық сотының 1, 2, 3 учаскелерін Кокчетав қалалық сотына біріктіру туралы» №22 шешіміне сәйкес, учаскілер бір сотқа біріктіріліп, ол «Кокчетав қалалық халық соты» деп аталды. Қалалық соттың аға халық судьясы болып азамат Ямалутдинов Абдулла Нұрмұханұлы бекітілді.

Біріктірілген қалалық соты 10 бөлмеден тұратын, оның 3-де судьялар орнасты, бұған дейін облыстық ІІБ болған.Бұрын 2 мәжіліс залы, сот орындаушылардың кабинеті, қалған бөлмелерде хатшылар мен кеңсе болды.

ҚР Жоғарғы Кеңес Президиумының 07.10.1993 жылы «Орыс тілінде қазақ топонимдерін, атауларын транскрибирлеуді оңтайландыру туралы» қаулысына сәйкес Кокчетав облысын орыс тілінде Көкшетау облысы деп, ал Көкшетау облысының қаласын Көкшетау қаласы деп атады. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының соттары мен судьялардың мәртебесі туралы» жарлығына сәйкес, Көкшетау қаласының халық соты енді Көкшетау қалалық соты деп аталды.

Көкшетау қаласының 1957 мен 2007 жылдар аралығында болған сот төрағалары: Ямалутдинов А.Н. (1957-1968 ж.ж.), Новоселов К.Н. (1968-1969 ж.ж.), Зитев Н.П. (1969-1971 ж.ж.), Кокенов М.К. (1972-1979 ж.ж.), Қошымбаев Б.Ж.(1979-1982 ж.ж.), Гузев А.А. (1982-1985 ж.ж.), Керімов К.К. (1985-1987 ж.ж.), Баймұрзин Е.Ш.(1987-1995ж.ж.), Рахметулин А.Ж. (1996-2002 ж.ж.), Жұмағұлов С.С. (2002-2007 ж.ж.).

Қазір Көкшетау қалалық соты 13 құрама соты болып тұр, екі судья орны бос.

Сот төрағасы – Кошикбаев Мади Жаубасарович.    

Судьялар: Касымова Майя Толегеновна, Кусаинова Динара Ерсиновна, Жумабеков Айтимбек Есильбаевич, Рахметова Светлана Набеновна, Хасенов Кайрат Каиркенович, Сатубалдинова Мугульсун Сыздыковна, Жармухамедова Эльмира Тыныбековна, Мукашов Сабыр Зейнуллаевич, Нурманова Гаухар Алихановна, Бахытжанова Салтанат Толегеновна, Урумбаева Динара Аманжоловна, Аймурзинова Айнагуль Жумабаевна, Альжанов Бауыржан Серикович. 

Ақмола облыстық соты төрағасының  31.05.2002 жылғы №13 өкіміне сәйкес, Көкшетау қалалық соты Ақмола облысының базалық соты  болды.

Соңғы жылда Көкшетау қалалық сотының судьялары М.Т.Қасымова, А.Е.Шойынбекова судьялар одағы Ақмола филиалының конференциясында жылдың үздік судьялары болып танылған.

2006 жылы Көкшетау қалалық соты Ақмола облысы соттарының ішінде «Үздік мұрағат» пен «Үздік кеңсе» конкурстарында 1 және 2 жүлделі орындарды иеленді.

Көкшетау қалалық сотында азаматтық және қылмыстық істерді қарау жөнінде судьяларды мамандандыру енгізілген. Сотта үш сот отырысының сот процесстері өтетін залдары дыбыс-бейне жазбаларымен жабдықталған.

Сотта 3 кеңсе бар – соттың іс қағаздарын жүргізетін жалпы кеңсе, қылмыстық және азаматтық кеңсе, мұрағат, заттай айғақтар сақтайтын кеңсе.