Жаңалықтар

«Атамекен» ҰКП өкілімен кездесу

27/11/2023

    Шортанды аудандық сотында «Бизнес өкілдеріне қатысты істер бойынша өзекті мәселелер және оларды шешу жолдары» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізілді, оған судьялар және «Атамекен» ҰКП, прокуратура өкілдері қатысты.
   Судья Р.Оспанова өз баяндамасында кәсіпкерлермен жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша, кәсіпкерлердің  құқықтарын қорғау және дауласушы тараптармен татуласу мүмкіндігі үшін , «Атамекен» ҰКП  өкілдерінің  азаматтық  істерді қарауға қатысуын атап өтті.  

"Сот залынан" айдары

24/11/2023

      Ақкөл аудандық сотында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 612-бабының  3-бөлігі бойынша (Көлiк құралын басқару құқығынан айрылған жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы) азамат Б-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Сот қаулысымен азамат Б. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және оған  10 тәулік мерзімге қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды.

Алаяқтық үшін бас бостандығынан айыруға сотталды

23/11/2023

   24 жастағы Ресей азаматы «Х.» әлеуметтік желіде Қазақстанда ақша табу мүмкіндігі туралы хабарландыру бойынша тергеумен анықталмаған адамдармен хат алмасып, бөтеннің мүлкін ұрлауға негізделген заңсыз табысқа келіскен.
   Қылмыстық жоспарға сәйкес, белгісіз адамдар жәбірленушінің телефонына қоңырау шалып, өзін банк қызметкерлері ретінде таныстырып, оның банктік шоттары мен қауіпсіздік кодтарын алған, ал «Х.» ұрланған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырған.

"Сот залынан" айдары

22/11/2023

    Аршалы аудандық соты  ӘҚБтК-нің 73бабының 1 бөлігі бойынша   «К»-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі тараптардың татуласуына байланысты  тоқтатты. Сотпен «К» -ның  бірге тұратын әйеліне жанжал шығарып, оны әдепсіз сөздермен балағаттағаны анықталды.
  Сотта  құқық бұзушы өз кінәсін мойындады, жәбірленушімен татуласты.
  Сот  татуласуға байланысты істің өндірісін тоқтатты.

"Сот залынан" айдары

21/11/2023

      Жыл басынан 450 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс медиацияны қолданумен  тоқтатылды.
     Татуласу жәбiрленушi және әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлғамен қол қойылып, жазбаша келiсiм негiзiнде медиация арқылы жүзеге асырылады.

Сот актілерінің орындалуы талқыланды

21/11/2023

     Ақкөл аудандық сотының төрағасы Жанат Теміров сот актілерінің орындалуы туралы сұрақтары бойынша «дөңгелек үстел» өткізді, оған Ақкөл аумақтық бөлімінің сот актілерін орындау жөніндегі сот орындаушылары Г.Есмагулова, Д.Карашин және жеке сот орындаушы Е.Бапар қатысты.

Департамент жергілікті соттар әкімшілерінің басшыларымен семинар-кеңесін өткізді

20/11/2023

    ҚР Сот әкімшілігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Данияр Сапарбек аудандық және оларға теңестірілген соттар әкімшілерінің басшыларымен  семинар - кеңес өткізді.
    Кеңеске басшының орынбасарлары Г.Кәрімова, М.Бүркіт, департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, облыс соттары әкімшілерінің басшылары қатысты.

Үш жас жігіт қорқытып алу, тонау және алаяқтық жасағандары үшін бас бостандығынан айырылды.

17/11/2023

     2023 жылдың қаңтары-мамыры аралығында «Д.» Щучинск қаласында зорлық-зомбылық қолдану қаупімен бес жәбірленушіге психологиялық қысым көрсетіп, оларды ақшалай несиелер ресімдеуге мәжбүр еткен, телефондарын тартып алып, ломбардқа тапсырған, банктің мобильді қосымшасынан ақша ұрлаған.
    Бұдан бөлек, «Д.», «П.» және «К.» сөз байласу арқылы адамдар тобымен пышақ, келдекпен қорқытып, жәбірленуші «Н.»-ді банкте несие ресімдеуге мәжбүр етті.

Кәмелетке толмағандардың арасында зорлық-зомбылықтың алдын алу

15/11/2023

     Атбасар ауданы мектебінің 7-8 сынып оқушыларына «Балалардың құқықтарын қорғау, кәмелетке толмағандар арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбына кездесу өтті.
Кездесуге Атбасар аудандық сотының судьясы Алмагүл Жакимова қатысып, мектеп оқушыларына аталмыш тақырып төңірегінде көптеген ақпарат беріп, статистикамен таныстырды. Оқушылар өз траптарынан сұрақтар қойып, нақты жауап алды.

Соттар іс-шаралар өткізді

14/11/2023

      Зеренді аудандық сотының төрағасы Қайрат Хасенов судьялардың және  «Атамекен» ҰҚП-ның өкілінің қатысуымен «Бизнес өкілдеріне қатысты қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық істерді қарау барасында туындайтын   мәселелер» тақырыбында «дөңгелек үстел» өткізді.
 

Беттер