«Сот кабинеті» электрондық ақпараттық сервисінің дамуы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

2014 жылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты ресми  интернет-ресурсында «Сот кабинеті» электрондық сервисін іске қосты.

«Сот кабинеті» сервисі сот органдарының жеделділігі, қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында, электрондық байланыс арқылы сот ісін жүргізуді жеңілдетуге арналған.

Талап арыздарды, сондай-ақ құжаттар мен өтінішхаттарды «Сот кабинеті» сервисі арқылы электронды түрде жолдауға болады. Бұл азаматтардың уақытын және қаржы шығындарын айтарлықтай үнемдейді. Сондай-ақ кез келген ыңғайлы уақытта өтініштің және ісің қаралу барысын қадағалауға болады.

2016 жылы электронды түрде «Сот кабинеті» арқылы облыс соттарында 36 145 құжат, оның ішінде 22 088 талап-арызы тіркелген. Сот ісіне қатысушыларға электронды түрде хабарлау тиімді жұмыс істеуде. «Әкімшілік істерді жолдау» сервисі арқылы электронды түрде 14 062 әкімшілік іс жолданып, тіркелді.

Сервис жыл сайын жетілдірілуде. 2016 жылы аталған сервисте Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің екі тарауында көрсетілген нормаларға сәйкес жаңа қызмет түрлері жұмыс істей бастады. 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Республиканың барлық мамандандырылған әкімшілік соттарында сақтандыру компанияларына электрондық түрде әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулыларды ұсыну бойынша жоба іске қосылды.

Сонымен қатар, мобильдік құралдар арқылы сот органдарымен ұсынылатын, сервиске қолжетімділікті қамтамасыз ететін қосымша мобильді «Сот кабинеті» жұмыс жасап жатқанын ескертеміз.

 

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі