Ақмола облыстық сотында болашақ судьялар үшін арнайы дайындық курс сабағы үйымдастырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облыстық сотының оқу орталығы сот жүйесінде қызмет атқаратын мамандар үшін сот білімі туралы және судья лауазымына біліктілік емтихандарын тапсыру бойынша арнайы дайындық курс өткізді.

Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ерлан Жанәділов болашақ судьяларға оқыған баяндамасында сот корпусын даярлау жүйесінің жетілдірілгенін айтып, судьялыққа үміткерлерге қойылатын талаптарды түсіндірді.

Отставкадағы судья Мейрам Ғибәділов «Судья әдебі - сот жүйесі беделінің негізі» тақырыбында баяндамасын оқыды.

Облыстың жас судьялары және Сот төрелігі Академиясының түлектері – сот мамандары, тыңдаушыларға сот білімі туралы, Сот төрелігі Академиясына түсу шарттары мен білім алу жөнінде мәліметтер дайындап, баяндамалар жасады.

Курстың теориялық жағын аяқтай келе, мамандарға тест сұрақтарының үлгілері мен ауызша емтихан тапсырмаларының мысалдары тапсырылды.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі