Ақмола облыстық сотының төрағасы Жарқайың ауданының тұрғындарымен кездесу өткізіп, азаматтарды қабылдады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров Жарқайың ауданының  тұрғындарымен жұмыс кездесуін өткізді. Кездесуге аудан әкімінің м.а., селолық округтарының әкімдері, отставкадағы судя Г.Джалбырова, депутаттар, құқық қорғау және мемлекеттік органдарының бірінші басшылары,адвокаттар мен медиаторлар, БАҚ, ҮЕҰ-ның өкілдері мен ардагерлер  қатысты.

Облыстық соттың төрағасы Досжан Әміров тұрғындармен кездесу барысында Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының негізгі ережелерін түсіндіре отырып, Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.Мәмидің «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» тақырыбында өткізген «дөңгелек үстелдің» қарары бойынша іс-шараларды  облыс соттармен іске асырып жатқандығын атап көрсетті.

Сот төрағасы кездесуге қатысушыларды іс-шараларға белсенді түрде қатысуына шақыра отырып, облыс соттарымен өткізілетін іс-шаралар аясында өскелең ұрпақтың рухани-мәдени білімін арттыру мақсатында кездесулер, «дөңгелек үстелдер» ұйымдастыру, билерді, қазақ зиялыларын, мәдениет және өнер қайраткерлерін еске алу кештерін өткізу, мұрағаттар, мұражайлар және кітапханалармен байланыс жасауды, сонымен қатар, тарихи-танымдық байқаулар өткізу көзделгендігін атап өтті.

Досжан Әміров аудан ақсақалдары мен жергілікті атқару органдарының өкілдеріне тарихи тұлғалардың есімдерін жаңғырту, ұрпақ жадында мәңгі қалдыру мақсатында әкімшілік-географиялық нысандарды олардың есімдерімен атауға ат салысуға шақырды.

Облыстық соттың төрағасы қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде  мәртебесін көтеру мақсатында, органдар мен ведомстволар арасында сот ісін жүргізу мен іс  жүргізуде және ведомство аралық хат алмасуда қолдану қажеттілігіне тоқталды. 

Досжан Әміров сот жүйесіндегі реформалар, алқабилер сотының дамуы, татуластыру рәсімдерін қолдану, ақпараттық технологиялар, сот шешімдерін орындау, БАҚ және ҮЕҰ-ның өзара байланысы және сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы айтып өтті.

Кездесуден кейін, облыстық сот төрағасы Жарқайың аудандық сотында азаматтарды қабылдады. Төрағаның қабылдауына қаланың және ауылдық округінаң 6азамат келді. Барлық азаматтар өз сұрақтарына толық жауап алды.

Кездесу барысында Досжан Әміров Жарқайын аудандық сотының әкімшілік ғимаратын салу жұмыстарымен танысу мақсатында, үш құрамды аудандық сот ғимаратының құрылыс нысанына барып, мердігермен кездесті және жүргізіліп жатқан жұмыстарына бағасын берді.

Источник: 
Ақмола облысы Жарқайың аудандық соты