Ақмола облыстық сотының төрағасы «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Ақмола облыстық филиалының ардагерлерімен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Ақмола облыстық филиалының белсенділерімен кездесу өткізді.

Кездесуде Ақмола облыстық сотының төрағасымен Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының негізгі ережелерін түсіндірілді.

Д.Әміров Қазақстан Республикасының 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясының басты мақсаты – Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарында болуға жету үшін, мемлекеттілікті одан әрі нығайту, оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту - ұзақ мерзімді басымдықтарды іске асыру қарастырылған. Қазақ тілі - біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз - оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту қажет - деп атап өтті.

Облыстық соттың төрағасы өз баяндамасында, Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.Мәмидің «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» тақырыбында өткізген «дөңгелек үстелдің» қарары бойынша іс-шараларды  облыс соттарымен іске асырып жатқандығын атап өтті.

Облыс соттарымен өткізілетін іс-шаралар аясында өскелең ұрпақтың рухани-мәдени білімін арттыру мақсатында кездесулер, «дөңгелек үстелдер» ұйымдастыру, билерді, қазақ зиялыларын, мәдениет және өнер қайраткерлерін еске алу кештерін өткізу, мұрағаттар, мұражайлар және кітапханалармен байланыс жасауды, сонымен қатар, тарихи-танымдық байқаулар өткізу көзделген – деді Д.Әміров.

Досжан Әміров облыс ақсақалдарына тарихи тұлғалардың есімдерін жаңғырту, ұрпақ жадында мәңгі қалдыру мақсатында әкімшілік-географиялық нысандарды белгілеп, олардың есімдерімен атауға ат салысуға шақырды.

Облыстық сот төрағасы өз баяндамасында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жөніндегі ұсынысын іске асыруға ардагерлердің көңілін аудартып, «Жобада нақты адамдардың нақты тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі, заманауи Қазақстанның келбеті көрініс табады.  Олардың жүріп өткен жолдары – кез келген статистикадан артық көрсеткіш» - деп Президенттің сөздерін атап өтті.

«Тәуел­сіздік дәуірінде және қазіргі уақытта да өзінің еңбегімен, білімімен, өнері­мен озып шыққан қаншама аға буын өкілдері мен замандастарымыз жүріп өткен жолдары өнеге. Солардың ішінде Тәуелсіздікті құру жолындағы Сіздердің еңбектеріңіз сол «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасына енгізу лайық деп санаймын. Бұл Елбасының аға буын өкілдеріне ел дамуына қосқан үлесі үшін алғысы» - деді Д.Әміров.

Кездесуде сот төрағасы сот жүйесіндегі реформалар, алқабилер сотының дамуы, татуластыру рәсімдерін, сот отырыстарында дыбыс-бейне тіркеу жүйесін қолдану, ақпараттық технологиялар, соның ішінде «Сот кабинеті» сервисін пайдалану, БАҚ-пен жұмыс және ҮЕҰ-ның өзара байланысы, сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы айтып өтті.

Кездесу соңында «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі Ақмола облыстық филиалының төрағасы Ғ.Төлеғұл облыстық соттың төрағасына кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғысын білдіріп, кездесудің маңыздылығын атап өтті. Облыс ақсақалдары Елбасының мақаласындағы тапсырмаларды орындауда ат салысатындарын атап өтті.

Іс-шара Ақмола облыстық сотының мұражайындағы экскурсиямен аяқталды.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі