Ұжымдағы моральдік-психологиялық ахуалды жақсарту мақсатында

Версия для печатиВерсия для печатиХат жолдауХат жолдау

   ҚР Сот әкімшілігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті ұжымдағы моральдік-психологиялық ахуалды жақсарту, әдеп жөнінде және заңнамаға енгізілген өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатымен сот қызметкерлерімен психологиялық тренинг өткізді.  
   Іс-шараға А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті құқықтану кафедрасының меңгерушісі, профессор Анар Бухаева, ҚР мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бас маманы Еркін Жиян қатысты.
   Департамент басшысының м.а., әдеп жөніндегі уәкіл Гүлжаухар Каримова «Мемлекеттік қызметшілердің үстел кітабы - Әдеп кодексі» тақырыбына, профессор Анар Бухаева «Мемлекеттік қызметші имиджіндегі кәсіби құзыреттер» Еркін Жиян «Мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер» тақырыптарымен баяндамалар жасады.
   Іс-шараға қатысушылар арасында практикалық жұмыстар, тренингтер жүргізілді.

 

 

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі