Ақмола облыстық соты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өткізді

Ақмола облыстық соты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өткізді

15/12/2015

Бүгін Ақмола облыстық соты төрағасының міндетін атқарушы Асан Ескендіров Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шарасын өткізді.
А.Ескендіров судьялар мен сот жүйесінің  қызметкерлерін құттықтап, әріптестеріне мықты денсаулық, жан-ұялары мен гүлденіп келе жатқан Қазақстан Республикасына бейбітшілік тіледі.
Құттықтау сөзінен кейін облыстық соттың баспасөз қызметімен әзірленген Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған видеофильм көрсетілді.