Ақмола облыстық сотында Наурыз мейрамы өтті
Ақмола облыстық сотының судьялары мен қызметкерлері Наурыз мейрамын атап өтті.
Ақмола облыстық сотының төрағасы Нұрғазы Әбдіқанов судьялар ұжымы мен Соттар әкімшісінің қызметкерлерін Наурыз мейрамымен құттықтап, қазақ халқының салт-дәстүрлерінің көріністеріне қатысты.
Наурыз мейрамын тойлау бағдарламасында Соттар әкімшісінің құрылымдық бөлімшелерінің арасында қазақ халқының салт-дәстүрлерін білу мен сақтау бойынша байқау өткізілді. Атап айтқанда ең үздік ұлттық киім, ең үздік ұлттық тағам, ең үздік ұлттық ән мен би.