Архив событий

06/09/2017

Жақсы аудандық сотында «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңын қолдану туралы тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

06/09/2017

Жақсы  аудандық  сотында судьялар, үкіметтік емес ұйымдар, кәсіп одақ комитетінің төрағалары,жастар  қор орталығының өкілдері,   еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарлама орталығының өкілдері,  кәсіби емес медиаторлардың  қатысуымен «Қылмыстық, азаматтық және әкiмшiлiк істерді қарау барысында «Медиация туралы» Қазақстан Республикасы Заңын қолдану» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Атбасар аудандық сотында сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін адвокат әкімшілік жауапкершілікке тартылды

06/09/2017

Атбасар аудандық сотында сотқа құрметтемеушілік көрсеткені үшін адвокатқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай,адвокат сот отырысының уақыты және өткізілетін орны туралы біле тура, дәлелсіз себептермен уақытылы сот отырысына келмеген.

Сот қауысымен,адвокат Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 653-бабының 1-бөлігімен «Сотты құрметтеушілік» көрсетілген құқық бұзушылық жасағаны үшін,оған 1 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түрінде жаза тағайындалды.

Жарқайың аудандық сотында «Істерді медиация тәртібінде қарау» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті

06/09/2017

Жарқайың аудандық сотында прокуратура, АІІБ-нің өкілдері, адвокаттар мен медиаторлардың қатысуымен  «Істерді медиация тәртібінде қарау»  тақырыбында  «дөңгелек үстел» өтті.

Сот төрағасы Н.Костырев қатысушыларға Астана қаласында «Келісім» Медиаторлық орталығында, медиаторларды дайындау бағдарламасы бойынша оқудан өткен  медиатор А.Мейрманованы  таныстырды.

Целиноград аудандық сотында сот мамандары арасында «Үздік маман» байқауы өткізілуде

06/09/2017

Целиноград аудандық сотында 2017 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап сот мамандарының арасында «Үздік маман» байқауы өткізілуде. Аталған байқауды өткізудің мақсаты мамандардың білім деңгейін көтеру, жұмыс уақытын дұрыс әрі тиімді пайдалану болып табылады.

Аталған байқауға Целиноград аудандық сотының барлық 8 маманы қатысуда. 2017 жылдың тамыз айына Целиноград аудандық сотының бас маманы – сот отырысының хатшысы Марал  Алтынбекова үздік маман иегері болып танылды.