Ақмола облыстық соттарында татуластыру рәсімдерін қолдану туралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының аудандық және оларға теңестірілген соттарда әкімшілік, азаматтық және қылмыстық істерді қарау кезінде медиация институты, татуластыру келісімдер мен  партисипативті рәсім белсенді түрде қолдануда.

Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 174-бабына сәйкес,  сот тараптардың татуласуы үшін шаралар қолданады, дауды процестің барлық сатыларында реттеуде оларға жәрдемдеседі.

Тараптар татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісімді жасап не осы Кодексте белгіленген тәртіппен өзге де тәсілдерді пайдалана отырып, дауды өзара талаптардың толық көлемінде не бір бөлігінде реттей алады.

Мысалға,  Атбасар аудандық сотында  медиацияны қолдануымен жәбірленушінің денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтiргені үшін азамат Д-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Ерейментау аудандық сотында  партисипативтік  келісім жасаумен баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы азаматтық іс  қаралды.

Астрахан аудандық сотында  отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер туралы әкімшілік іс медиация тәртібінде қаралды.

 

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі