Ақмола облыстық сотында «Сот жүйесінің үздік аудармашысы» республикалық конкурсының облыстық кезеңі өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының қағидаларын және Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.Мәмидің «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» тақырыбында өткізген «дөңгелек үстелдің» қорытындысы бойынша бекітілген іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында, Ақмола облыстық сотында «Сот жүйесінің үздік аудармашысы» конкурсы өтті.

Республикалық конкурстың облыстық кезеңі сот жүйесінде мемлекеттік тіл саясатын тиімді жүргізу, облыс соттарында іс қағаздары мен іс жүргізу құжаттарын сауатты аудара білетін аудармашылар корпусын қалыптастыру, сот іс қағаздары мен іс жүргізу құжаттарын аударуға аудармашылардың жұмысқа деген ынтасын арттыру, сот-құқық, заң саласындағы терминдердің бірізді қолданылуын қамтамасыз ету мақсатында өткізілді.

«Сот жүйесінің үздік аудармашысы» конкурсына аудандық соттардың 14 қызметкері қатысты. Байқауға қатысушыларға мемлекеттік тілді игерудің жоғарғы талаптары қойылды.

Байқау үш кезеңдерден өтті: мәтіндерді орыс тілінен қазақ тіліне аудару, сот құжаттарын (сот қаулыларын, ұйғарымдар және үкімдерді) орыс тілінен мемлекеттік тілге аудару, сот отырысынан диалогты мемлекеттік тілден орыс тіліне аудару.

Байқауға қатысушы қызметкерлер өздерінің білімдерін жоғарғы деңгейде көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар Ақмола облыстық соты төрағасының Грамотасы мен Алғыс хаттарымен марапатталды. 

Бірінші орынды Астрахан аудандық сотының бас маманы Мұқағали Ақышев, екінші орынды мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маманы Асылгүл Садуова, үшінші орынды мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотының жетекші маманы Арман Есімбек иеленді.

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі