Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында заңсыз есірткі заттарының айналымына байланысты 10 қылмыстық іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2020 жылдың 10 айында 19 адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабы бойынша 10 қылмыстық іс қаралды (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу). Оның ішінде әйелдерге қатысты 2 іс қаралды.
Сот үкімімен 19 адамға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, оның ішінде 18 адам 5 жылдан 12 жылға дейін, 1 адам 12 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Источник: 
Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты