Бюджет қаражатын жымқырды.

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы «Ж.» және ЖШС-нің төрт қызметкері 1,3 миллиард теңге сомасындағы бюджет қаражатын талан-таражға салды (ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы).

Қаражат Қызылсуат кентінің электржабдықтау объектісінің құрылысына бөлінген.

Кінәлі адамдар 7 және 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталып, жаза шарасы олардың аталған қылмысқа қатысуына байланысты сотпен белгіленген.

Бұған қоса, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы мемлекеттік қызметтегі лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Ал кәсіпкерлер коммерциялық және өзге ұйымдарда материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан 10 жылға айырылған.

Сот үкімімен сотталғандардан келтірілген материалдық залал мемлекет кірісіне өндіріп алынды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақмола облысы Целиноград аудандық соты