Бс, 16/01/2014 - 13:24
Баспаға арналған нұсқасыХат жолдау
Ақмола облысының Егіндікөл аудандық соты отбасы-тұрмыстық қатынас барысында құқыққа қайшы әрекет жасаған азамат Ш.,-ға қатысты әкімшілік істі қарады.
Азамат Ш., өз үйінде араққа сылқия тойып алып, отбасылық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық танытып шу шығарған, әйеліне былапыт сөз сөйлеп мазасын алған. Азамат Ш., өзінің осы әрекетімен ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 79-5-бабының 2-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқықбұзушылықты жасаған.
Сот азамат Ш.,-ны әкімшілік құқықбұзушылық жасады деп танып 10 сөткеге қамау түріндегі жаза түрін қолданды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Ақмола облысының Егіндікөл аудандық соты