Ресми құжаттарға апостиль қою туралы

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Гаага конвенциясына сәйкес, басқа бір мемлекеттің аумағында пайдалануға арналған, белгілі бір мемлекеттің өкілетті органдар берген құжаттарда арнайы мөртабан (апостиль) қойылады.
Конвенцияның 5-бабына сәйкес, апостиль қолдардың түпнұсқалылығын, құжатқа қол қойған адамның кiм екендiгiн және тиiстi жағдайларда бұл құжат бекiтiлген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын куәландырады. Апостильге қойылған қол, мөр немесе мөртаңба ешқандай растауды немесе заңдастыруды талап етпейдi және бұл құжатты Гаага конвенцияға қосылған барлық мемлекеттерде пайдалануға болады.
Бір мемлекет шеңберінде түрлі органдар шетел құжаттарын заңдастыруға түрлі талаптар қояды. Сондықтан заңдастырылған құжат тапсырылатын органда заңдастыру түріне қойылатын талаптарды нақтылау қажет.
"Апостиль" мөртабанын қою (кейде бұл рәсімді «жеңілдетілген заңдастыру» немесе «апостильдеу» деп аталады) 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясына қосылған, консулдық заңдастыру талаптарының күшін жоятын және жеңілдетілген заңдастыру рәсімін енгізетін елдерге құжаттар жолдау кезінде - "апостиль" мөртабанын қою қолданылады.
Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қоюды Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) Астана қаласы, Қонаев көшесі, 39-үй мекенжайы бойынша  іске асыратынын хабарлаймыз.
«Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрін көрсету 2010 жылғы 3 қарашадағы № 1093 Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппараты) туралы Ережесіне сәйкес, Департамент халыққа сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою мемлекеттік қызметін іске асырады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет паспорты, стандарты, регламенті, апостиль қою үшін төленетін мемлекеттік баж салығын төлеу реквизиті және басқа да ақпараттар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты және Ақмола облыстық соты интернет-ресурстарында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
Қазіргі кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгіну арқылы алуға болады.
Азаматтар анықтамалық ақпаратты: 1401 телефон номері арқылы байланыс орталығынан немесе Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің жауапты қызметкерінен 8 (717) 271-01-86, және Ақмола облыстық сотының ақпараттық анықтамалық киоскі арқылы -  8(716) 2 55 96 44 алуға болады

Ақмола облысы бойынша Соттар әкімшісінің
ақпараттық қамтамасыз ету бөлім

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі