Жаңалықтар

Мефедронды сақтағаны үшін сотталды

30/04/2024

    «А.» өткізу мақсатынсыз аса ірі мөлшердегі психотроптық заттың аналогын заңсыз сақтаған (Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігі).
    2023 жылдың маусым айында полиция қызметкерлері «А.»-ны үйінің жанында куәгерлердің қатысуымен және тергеу әрекеттерге бейнетіркеуді қолдана отырып, жеке тінту кезінде, оның күртесінің қалтасынан салмағы 1,59 грамм психотроптық зат - мефедрон тәркіленді.
    Сотта «А.»-ның қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны бойынша кінәсі келесімен дәлелденді:

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотындағы іс-шаралар

30/04/2024

   Сот  «Ашық есік күнін» өткізді. Іс-шараға Көкшетау қаласы мектептерінің  әлеуметтік педагогтары, қамқоршылық және қорғаншылық органдарының мамандары қатысты.

   Бас маман Серік Имандинов «Е-Otinish» ақпараттық жүйесі» тақырыбында семинар өткізді, өтініштерді қадағалау және бақылау, мемлекеттік органдарға өтініштерді берудің дұрыстығын түсіндіріп өтті.

 

 

«Таза Қазақстан» акциясын қолдаймыз

30/04/2024

      Ақмола облысының соттары «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында сенбіліктер өткізді. Бұл іс-шараға Бурабай және Есіл аудандық соттары белсенді қатысты.

 

 

«Құқық бұзушылықтардың алдын алу» айдары.

29/04/2024

   «Құқық бұзушылықтардың алдын алу» айдары.
   Рубрика «Профилактика правонарушений».
   Ақкөл аудандық сотында Ақкөл қаласының орта мектептерінің оқушылары үшін «Ашық есік күні» өткізілді.
   Аудандық соттың төрағасы Жанат Теміров оқушылармен кездесуде есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтар, сондай-ақ кәмелетке толмағандармен жасаған өзге де құқық бұзушылықтар туралы құқықтық нормалар мен қылмыстық жауаптылықты түсіндірді.

Мұрагерлік және атқарушылық жазба туралы істерді қарау практикасы талқыланды

29/04/2024

   Ақмола облыстық сотында мұрагерлік және нотариустардың атқарушылық жазбалары туралы азаматтық істерді қараудың сот практикасын талқылау бойынша «дөңгелек үстел» өтті.
   Аталған іс-шараға облыстық соттың судьялары, аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары мен судьялары, облыс өңірлерінің нотариустары қатысты.
   Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Серікжан Габдулин мұрагерлік туралы азаматтық істер және нотариаттық іс-әрекеттерге шағымдарды қарау бойынша сот тәжірибесінің талдауын ұсынды.

Кадр мәселелері бойынша өзара іс-қимыл

26/04/2024

   Абай Мырзахметов атындағы университеттің студенттер сарайында ҚР Сот Әкімшілігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің басшысы Данияр Сапарбектің қатысумен "Бос орындар жәрмеңкесі-2024" өткізілді.
   Д.Сапарбек кадр жұмысы және ЖОО түлектерін еңбекке орналыстыру туралы жасалған жұмыстар  бойынша баяндама жасады.
   Университет ректоры Сағынтай Елубаев СӘ департаментінің басшысы Д.Сапарбекке өзара  әрекеттесу жұмысы үшін алхыс хат тапсырды.    

Жария сот отырысы. Судья сотталғандармен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

25/04/2024

   Сот бас бостандығын шектеу жазасына сотталғандар адамдардың қатысуымен сотталған «С.»-ның шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қарау бойынша жария сот отырысын өткізді.
   2022 жылы сот «С.»-ға қылмыс туралы көрінеу жалған хабардар еткені үшін (ҚК-нің 419-бабының 2-бөлігі) 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған.

Банк филиалының директоры мен кассирі банктің ақшасын жымқырды.

25/04/2024

   Степногорск қаласындағы екінші деңгейдегі банк бөлімшесінің директоры «Ш.» кассир «К.»-мен сөз байласып, банктің ақшасын жұмқырып, аса ірі мөлшерде материалдық шығын келтірді.
   2022 жылғы қараша-желтоқсан айлары ішінде кассир «Ш.»-нің нұсқауы бойынша 1 млн., 3 млн., 8 млн. теңге ақша сомаларын банктің қоймасынан алып, «Ш.»-ға тұрақты түрде беріп отырған. «Ш.» ақшаға арналған пакеттер мен сөмкені алдын-ала «К.»-ға дайындап, содан кейін оны банк ғимаратынан шығарған.
   Тексеру актісі көрсеткендей, банк бөлімшесінде жетіспеушілік сомасы 255 млн. астам теңге құраған.

Есірткі таратқаны үшін шаңғы спортының жаттықтырушысы сотталды.

24/04/2024

   Есірткі таратқаны үшін шаңғы спортының жаттықтырушысы сотталды.
   Аршалы ауданының БЖСМ-нің шаңғы спортының жаттықтырушысы «Ш.» есірткі заттарды таратумен заңсыз айналысқан.
   Аршалы ауданында өткізу үшін Астанадан есірткі заттарын тасымалдау кезінде «Ш.»-ны полиция қызметкерлері ұстаған және оның автокөлігін тінтуде жалпы салмағы 39 кг асатын гашиш 4 пакет табылып, тәркіленді.
   Осылайша, «Ш.» есірткі заттарды сату үшін аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алуды, сақтауды, тасымалдауды жүзеге асырды (Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігінің 3-тармағы).

Ақмола облысында тағайындалған судьялар таныстырылып, құрметті отставкаға судьяны шығарып салды.

23/04/2024

    Ақмола облыстық сотының төрағасы Арман Жүкенов сот корпусына жергілікті соттарға тағайындалған судьяларды таныстырды.
    Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 19 сәуірдегі Жарлығымен Ақмола облысы бойынша:
- Атбасар аудандық сотының судьясы қызметіне Ақбала Қозбаева;
- Ерейментау аудандық сотының судьясы қызметіне Қостанай облысы Қарабалық аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып Қайрат Темірханов тағайындалды;
- Көкшетау қалалық сотының судьясы қызметіне Назгүл Ұстажанова;

Беттер