Бс, 22/09/2016 - 17:32
Ақмола облысы Бұланды аудандық соты азаматша Е-ның арызы бойынша арнайы қоныста тұрғаны және жаппай саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккені туралы фактіні анықтау бойынша азаматтық іс қарады.
Сот анықтағандай, азаматша Е. 1953 жылдың 7-қарашасында, оның әкесі арнайы қоныста болған кезінде дүниеге келген. 1944 жылдың қарашасында оның әкесі ұлттық себептермен Шешен-Ингуш АКСР-нан Қостанай облысына көшіріліп, ІІМ органдарының арнайы есебінде 1956 жылға дейін тұрған. Алайда мұрағатта әкесінің арнайы коныста болғаны туралы мәліметтер жоқ. Азаматша Е-ның ата-аналарымен арнайы коныста болу фактісін анықтау, оған саяси қуғын-сүргін құрбанының қызы ретінде растау тиісті ақшалай өтемақы алу үшін әлеуметтік қорғау органдарына жүгіну үшін қажет.
Сот шешімімен азаматша Е-ның арызы қанағаттандырылып, оның арнайы коныста болу фактісі анықталды және саяси қуғын-сүргіннен қиянат көргені танылған.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 305-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сот азаматтардың немесе заңды тұлғалардың жеке не мүліктік құқықтарының туындауына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына байланысты болатын фактілерді анықтайды. 305-бабының 3-бөлігіне сәйкес, егер басқа заңдық маңызы бар фактілерді анықтаудың Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше тәртібі көзделмесе, оларды сот анықтайды.
Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің 306-бабына сәйкес, сот арыз берушінің заңдық маңызы бар фактілерді куәландыратын тиісті құжаттарды өзге тәртіппен алуы мүмкін болмаған кезде не жоғалған құжаттарды қалпына келтіруі мүмкін болмаған кезде ғана осы фактілерді анықтайды.