Сот ортақ пайдалану орынын ластағаны үшін әкімшілік айыппұл түрінде жаза тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Бурабай аудандық соты азамат М-ға қатысты әкімшлік іс қарады.

Сот анықтағандай, азамат М. ұсақ бұзақылық жасаған, яғни жерге темекі тұқылын тастап, ортақ пайдалану орынын ластаған.

Сот қаулысымен азамат М. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 434-бабының 1-бөлігімен («Ұсақ бұзақылық») көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған  7 АЕК мөлшерінде айыппұлды өндіріп алу түрінде әкімшілік жаза тағайындалды.

Ақмола облыстық сотының
баспасөз қызметі

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі