Құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларды жасағаны үшін жауаптылық
Сандықтау аудандық сотының төрағасы Лариса Сексенбаева прокуратура және жергілікті полиция бөлімінің өкілдерімен бірлесіп, Балкашино ауылының мектеп оқушыларымен кездесу өткізді.
Сот төрағасы кездесуде қылмыстардың алдын алу мақсатымен, есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаудың салдары мен жауаптылыққа тарту туралы, телефонды алаяқтық түрлері, есірткі заттардың қауіптілігі және олардың тарату үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік туралы ескертті.