жм, 17/03/2017 - 16:37
Баспаға арналған нұсқасыХат жолдау
Көкшетау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен 2017 жылдың басынан жүріп-тұру еркіндігін алдын-ала шектеуді қолдану туралы 41 материал қаралды.
Сотпен Көкшетау қаласының 41 тұрғынның жеке басын куәландыратын құжаты, тұрғылықты мекен-жайы жоқ және қаңғыбастық өмір сүретіні анықталды.
Сот, «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 29-бабын қолданып, 41 құқық бұзушыларға қатысты 30 тәулік мерзіміне дейін арнаулы мекемесіне уақытша оқшаулаумен жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу туралы ішкі істер органдарының қаулыларына санкция берді.
Источник:
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі