Шешімін таппаған дау жаман...

Версия для печатиВерсия для печатиХат жолдауХат жолдау

  Отағасы өзінің зайыбымен бірге автокөлікте келе жатқан. Жолшыбай оларға отағасының қарындасы кездесе кетті. Көлік иесі қарындасынан өзіне қажетті құжаттарды алу үшін көлікті тоқтатқан. Сол мезет қарындасы ағасына «-телефон арқылы үйіңе хабарласқанымда әйелің сені ешқашан телефонға шақырмайды...» деп қара қазандай өкпесін айтады. Мұны естіп отырған отағасының әйелі көліктен шығып, қайын сіңлісімен ұрсысып, ақырында екеуі төбелесе кетеді.
  Бұл әкімшілік іс Атбасар аудандық сотының өндірісіне келіп түсті. Істі қарау барысында жеңгесі мен қайын сіңлісінің арасында көптен бергі ескі реніш жүргені анықталды. Ренішке себепкер өз шешімін таппаған ескі үй дауы болып шықты. Бұл екеуі әр оңтайлы сәтті пайдаланып бір-бірінен осылайша өштерін алғылары келіп тұрады екен.
  Іс Қазақстан Республикасы әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 79-3-бабының 2-бөлігіне сәйкес тараптардың татуласуымен қысқартылды.
  Ал, бір-біріне жұдырықтарын ала жүгірген әйелдерге сотқа тек ҚР АІЖК 150-бабының талаптарын сақтау арқылы ғана жүгінген дұрыс деп түсінік берілді.

Ақмола облысының
Атбасар аудандық соты