Архив событий

11/04/2017

Қорғалжын аудандық сотында татуластыру рәсімдерін қолдану бойынша 3 азаматтық іс қаралды

11/04/2017

Медиация сотта «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексте белгіленген ерекшеліктерге сәйкес өткізіледі.

Тараптар сот кеңесу бөлмесіне кеткенге дейін бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттарда дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы өтінішхат беруге құқылы.

Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында азаматтық және банктік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша семинар-тренинг өтті

11/04/2017
Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банктік заңнаманы жетілдіру және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» тақырыбында жаңа Заңды талқылау бойынша судьяларға арналған семинар-тренинг өтті.

Сот көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жаза тағайындады

11/04/2017

Ақмола облысы Ақкөл аудандық сотында Өзбекстан Республикасының азаматына қатысты әкімшілік іс қаралды.

Сот анықтағандай, Өзбекстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасына келіп, ішкі істер органдарына тіркеуіне тұрған, бірақ заңмен көрсетілген мерзімде кетуден бас тартқан. Осы әрекетімен, азамат Д. көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының қағидаларын бұзған.

2017 жылдың 1 тоқсанындағы Егіндікөл аудандық сотының жұмысы туралы

11/04/2017

2017 жылдың 1 тоқсанында Ақмола облысы Егіндікөл аудандық сотында 7 қылмыстық, 12 азаматтық және 46 әкімшілік істер қаралды.

Сот бұйрығын шығарумен 3 азаматтық іс қаралды, медиацияны қолданумен 1 азаматтық іс қаралды.

Әкімшілік істер бойынша келесі әкімшілік жазалар тағайындалды:  6 ескерту, 4 әкімшілік айыппұл, 19 әкімшілік қамаққа алу және 8 азаматты көлік құралдарын басқару құқығынан айыру.

Сот әкімшілік қадағалау мен бекітілген шектеулерді бұзғаны үшін ескерту түрінде әкімшілік жаза тағайындады

11/04/2017

Акмола облысы Жарқайың аудандық сотында бұрын соттылығы бар азамат Б-ға қатысты бекітілген шектеулерді бұзғаны үшін азаматтық іс қаралды.

Сот анықтағындай, сот қаулысымен азамат Б-ға қатысты әкімшілік қадағалау орнатылып, елді мекен шегінен шығуға  тыйым салу түрінде шектеулер қолданылды. Алайда, азамат Б. Жарқайың аудандық ішкі істер бөлімімен бекітілген шектеулерді бұзған, яғни басқа қалаға шығып, ішкі істер органдарында тіркелмеген.

Сот үкіметтік емес ұйым өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізді

11/04/2017

Ақмола облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі  мамандандырылған ауданаралық сотында «Неке және отбасы қатынастары аясындағы заңнаманы жетілдіру және кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Іс-шараға судьялар, сот мамандары, үкіметтік емес ұйымның өкілі Ақмола облысының Азаматтық альянсы «Біздің құқығымыз» қоғамдық бірлестігінің тең төрағасы Владислав Шуль қатысты.