Ақмола облысының соттарында жаңа тағайындаулар
Ақмола облыстық сотының жалпы отырысында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен тағайындалған жаңа судьялар таныстырылды.
Ақмола облыстық сотының жалпы отырысында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен тағайындалған жаңа судьялар таныстырылды.
Ақмола облысы Шортанды аудандық сотында 2017 жылдың 1 тоқсаны ішінде 32 көлік жүргізушіге Жол жүру қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету ережесін бұзғаны үшін әкімшілік істер қаралды.
2017 жылдың 24 сәуірі сағат 15.00-де Көкшетау қалалық соты Көкшетау қалалық прокуратура, Әділет департаменті және жеке сот орындаушылар аумақтық палатасы өкілдерінің қатысуымен «Айыппұл тағайындау бөлігіндегі үкімдерді орындау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.
Еңбекшілдер аудандық сотында даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу жөнінде пилоттық жобаны іске асыру мәселелерін талқылау бойынша мемлекеттік органдардың өкілдері, кәсіби медиаторлар және БАҚ өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті.
Ақмола облысы Еңбекшілдер аудандық сотында кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерді орындамаған азаматша Ж-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сот анықтағандай, азаматша Ж. кәмелетке толмаған екі баласының анасы бола тұра, оларды оқыту мен тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамаған. Әйел адам жие масаң күйде болып, балалардың қалыпты өмір сүруіне жағдай жасамай, үйде снитариялық-гигиеналық нормаларын сақтамайды.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 44-тарауына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық бойынша іс жүргізуді жүзеге асыратын органның (лауазымды адамның) әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жоғары тұрған органға (лауазымды адамға) және (немесе) мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік сотқа шағым жасалуы мүмкін. Осы Кодекстің тарауы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларға шағым жасауға мүмкіндік беріледі.
Ақмола облысы Сандықтау аудандық сотында сот шешімін орындамағаны үшін азаматша А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сот анықтағандай, Ақмола облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бұйрығымен азаматша А-дан кәмелетке толмаған ұлын асырауға алимент өндірілген және атқарушылық өндіріс қозғалған. Алайда, азаматша А. сот шешімін орындамаған.
Ақмола облысы Егіндікөл аудандық сотында «Сот жүйесіндегі жаңа технологиялар» тақырыбында үкіметтік емес ұйымдары өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті.
Іс шараға «Егіндікөл жастары» Жастар қоғамдық бірлестігінің еріктілер орталығының өкілдері және сот қызметкерлері қатысты.
Сот төрағасы Б.Жазит «дөңгелек үстел» қатысушыларына соттарда құжат айналымының жүйесі жетілдіріліп, сот жұмысында жаңа ақпараттық технологиялар қолданылатынын айтты.
Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Көкшетау Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнынан берешек пен тұрақсыздық төлемін өндіріп алу туралы жеке кәсіпкердің талап-арызы бойынша азаматтық іс қаралды.
Сот анықтағандай, жеке кәсіпкер мен «Көкшетау Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны арасында қызмет көрсету бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалған.
Ақкөл аудандық сотында даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыру мәселелерін талқылау бойынша Ақкөл ауданының кәсіпкерлер, Ақкөл ауданы бойынша Ауған соғысы ардагерлері және мүгедектері одағы өкілдерінің қатысуымен «дөңгелек үстел» өтті.
Ақмола облысының аудандық және оларға теңестірілген соттарында азаматтық және қылмыстық істерді қарауда медиация институты белсенді қолданылып келеді.
Мысалы, медативтік келісім жасауымен Бурабай аудандық сотында жәбірленушінің денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтiрген азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды.
Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында медиацияны қолданумен айыпты өндiрiп алу туралы азаматтық іс қаралды.
БАҚ өкілдерінің қатысуымен 2017 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша Ақмола облысының аудандық және оларға теңестiрiлген соттары брифинг өткізді.