Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқықбұзушылық жасағаны үшін Степногорск қаласының тұрғыны кінәлі деп танылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысы Степногорск қалалық соты қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін азамат Ш-ны айыптау бойынша қылмыстық іс қарады.

Сотта, қылмыстық іс бойынша күдікті болып табылатын азамат Ш.  Степногорск қаласының ішкі істер басқармасының тергеу бөлімінің тергеушісіне пара ретінде 30 000 теңге ақшалай қаражатты беруге талпынғаны анықталды. Алайда тергеуші оның іс әрекеті заңсыз екенін және ол қылмыстық құқықбұзушылық жасайтынын ескертті.

Ақшаны бергеннен кейін ер адам сыбайлас жемқорлықты алдын-алу қызметінің қызметкерлерімен ұсталынды.

Сот үкімімен азамат Ш. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 367-бабының 1-бөлігімен («Пара беру») кінәлі деп танылып, оған белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, мүлкін тәркілеусіз 590 000 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды. 

Источник: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі