Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бағдарламасын талқылау бойынша семинар-кеңес өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жоспарланған іс-шараларды іске асыру мақсатында сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша және оның  алдын-алу  тақырыбында семинар өткізілді.

Семинарға сот төрағасының міндетін атқарушы  Ғ.А. Қайшыбеков, судья С.Ғ. Баймағамбетов, кеңсе меңгерушісі, кеңсе мамандары мен сот отырысының хатшылары қатысты.

Семинардың мақсаты - 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасын талқылау. Өткізілген іс-шара аясында, әр мемлекеттік қызметкер мемлекеттік органның қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы мен нормативті құқықтық актілердің талаптарын орындап қана қоймай, сонымен  қатар құқық бұзушылықтың алдын-алуы керектігі аталып өтті.

 

Ақмола облысының қылмыстық істер
жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты