Сот жүйесінің ардагерлері

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Ақмола облысы сот жүйесінің ардагерлері

Ұлы Отан соғысына қатысқан судьялар

Николай Петрович Головченко

Николай Петрович Головченко 1923 жылы 9 қарашада Көкшетау облысына қарасты Арықбалық ауданының Константиновка селосында дүниеге келген.  1942 жылы әскерге алынып, қысқа мерзімді дайындықтан өткен соң бірден майданға кіреді. 1942 жылдың соңында Сталинград түбіндегі шайқаста жараланады. 1943 жылдың сәуірінде ол пулеметшілер ротасының 1-ші расчетінің командирі болып тағайындалады. Орлов-Курс бағытындағы шайқастарға қатыса жүріп, партияға кандидат болып қабылданады. 1943 жылдың қыркүйек айында Полтава облысының Опошная қаласы үшін болған қанды шайқаста қатты жарақат алған Н.П.Головченко бес айдай гсопитальде жатып емделіп, 1944 жылдың ақпанында 2-ші топтағы Ұлы Отан соғысының мүгедегі ретінде әскери қызметтен босатылады. Отан соғысында көрсеткен ерліктері үшін «Қызыл Жұлдыз» орденімен, «Ерлігі үшін» «Сталинградты қорғағаны үшін» медальдарымен марапатталған. 1948 жылы ол заң мектебін,  1953 жылы Алматының заң институтын бітіреді.  Өмірінің 27 жылын сот саласындағы қызметке арнаған ол еліміздегі сот жүйесінің қалыптасуына өз үлесін қосады. 1976 жылы Көкшетау қалалық сотының төрағасы болып тағайындалады. Осы қызметті 1982 жылы зейнет демалысына шыққанға дейін атқарады.  Николай Петрович Головченко 1997 жылы сәуір айында қайтыс болды.

Петров Николай Иванович

Ақмола облысы  Целиноград ауданы Қанитай ауылында туған. Шамамен 2006ж. қайтты. Оқуы: 1941ж.- педагогикалық техникум, ал -07.1951ж.-Алматы заң институтын бітірген. Қызмет және Ұлы Отан Соғысында (ҰОС) : 05.1941-06.1942ж.ж. Талды-Қорған облысы  Дзержин ауданы Надеждов мектебінде  физика-математика мұғалімі. 05.1942-06.1947ж.ж.-ҰОС-да Сталинградтан Берлинге дейін жетті. ҰОС-нан соң тағы 2 жыл Германияда әскери қызметте. Заң институтын бітіргеннен кейін-08.1951-05.1959ж.ж.-8 жылда прокуратура саласында Талды-Қорған облысындағы аудандық прокуратураның тергеушісінен Көкшетау облыстық прокурорының орынбасарына дейін өсті. 05.1959-11.1975ж.ж.-16 жыл-Көкшетау облыстық сотының төрағасы. Соңынан, 1975-1983ж.ж.-8 жыл зейнеткерлікке дейін Қаз.КСР-ның Әділет Министрінің 1-ші орынбасары. Зейнеткерлікте Алматы қаласында адвокат. Яғни, 40 жыл шамасында Н.И.- заңгерлік қызметте оның 16-сы-судьялықта болды. Марапаттар: 1942ж. «За оборону Сталинграда», 1945ж. «За освобождение Варшавы», «За взятие Берлина», «За победу над Германией» медальдері,  «Красная Звезда» ордені, 1956ж. «За освоение целинных и залежных земель», 1970 ж. «За доблестный  труд в ознаменование 100-летия  со дня рождения В.И.Ленина» медальдері.

Зинченко Владимир Александрович

В.А.Зинченко Жамбыл облысында туған. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Соғыстан кейін Алматы заң институтын бітірді. Одан соң заңгерлік қызметтен қол үзген жоқ : 1950-65ж.ж.-Батыс Қазақстан облысының Әділет басқармасы бастығының орынбасары; ҚКСР Әділет Министрлігінде - бөлім бастығы; кейін Министрдің бірінші орынбасары; ҚКСР Жоғарғы Сотының судьясы; 1965-72ж.ж. – Целиноград (бүгін Ақмола) облыстық сотының төрағасы;1972-83ж.ж. ҚКСР Әділет Министрінің орынбасары; 1983-97ж.ж. Ауғанстан Республикасында мамандығы бойынша қызметте; 1997 жылдан зейнеткерлікке шыққанша ҚР Әділет Министрлігінің Оқу орталығының директоры. Марапаттары:майдангерлік ерліктері үшін және бейбіт өмір кезіндегі ерен еңбегі үшін алты орденнің (соның ішінде үшеуі – Ауған мемлекетінен) және он төрт медальдің иесі. «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының еңбек сіңірген заңгері» деген атағы бар.

Кәмиев Кәкім Кәмиұлы

К.К.Кәмиев Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Казгородок селосында туған. Орта, арнайы орта (заңгерлік) және жоғары заңгерлік білімі болған. 1942 жылдың шілдесінен қыркүйегіне дейін Қорғалжын аудандық партия комитетінде іс жүргізуші болып істеді. Содан кейін ҰОС-ны кетті. 1944 жылы ауыр жараланып елге оралды. Қорғалжын аудандық комсомол комитетінде нұсқаушы болды. 1949 жылдан аудандық соттың халық заседателі болды. Заңгерлік орта білім алғаннан соң, 25.12.1951-12.1954 жылдары Щучье аудандық сотының судьясы болды. 15.12.1954-11.1968 жылдары – яғни үш рет Чкалов аудандық сотының судьясы және сот төрағасы болып сайланды. 11.1968-03.06.1975 жылдары, яғни дүниеден озғанша Зеренді аудандық сотының төрағасы болды.

Шәріпов Мақтай Шәріпұлы

М.Ш.Шәріпов Палодар облысы Баянауыл ауданы Ақ Ши ауылында туды. Педучилище бітіріп, 1941-1942 жылдары туған ауылында мұғалім болды. 1942 жылдың мамыр айында Армияға алынып, әскери училище бітіріп лейтенант атағымен ҰОС аяғына дейін әр майдандарда болды. 1945-1946 жылдары өз ауылында мұғалімдік жұмысты жалғастырды.  1946-1948ж.ж. Алматы заң мектебін аяқтап, 1948-1957ж.ж. Ақмола облысы Калинин (бүгін Бұланды) аудандық сотының төрағасы, 1957-1972ж.ж. Ерейментау аудандық сотының төрағасы болды. Яғни, М.Ш.Шәріпов 24 жылдан артық судьялық қызметте болды. 1972-1987ж.ж. сол аудандық заң кеңесінің меңгерушісі. Әскери қызметіндегі ерліктері және бейбіт өмірдегі адал еңбегі үшін ардагер көп марапаттың иегері болған. Ерейментау аудандық сотының қабырғасына М.Ш.Шәріповтың құрметіне мәрмәр тастан жасалған естелік тақта орнатылды.

Ахмедов Ғизатолла Халидұлы

Ғ.Х.Ахмедов Гурьев облысында шаруа жанұясында туылған. Бүкілодақтық заңгерлік институт (ВЮЗИ) бітірген. 40 жылдан артық еңбек жолы сот және әділет саласында өтті : 1935-38ж.ж. Гурьев облыстық сотында хатшы; 1938-39ж.ж. Оңтүстік-Қазақстан облыстық (ОҚО) сотында кеңесші және судья; 1939-41ж.ж. Жамбыл облыстық сотында судья; 1941-45ж.ж.Ұлы Отан соғысында (ҰОС); Бір рет ауыр жараланды. 1945-49ж.ж. Семей облыстық сотында төрағаның орынбасары; 1949-55ж.ж. Көкшетау облыстық сотының төрағасы; 1955-56ж.ж. ОҚО әділет басқармасының бастығы; 1956-60ж.ж. ОҚО облсоттың төрағасы; 1960-75ж.ж. №21 Маңғыстау арнайы сотының төрағасы. Ерен еңбегі және майдандағы ерлігі үшін Ғизатолла-аға : «Красная звезда» ордені, «За оборону Москвы», «За победу над Германией в Великой Отечественной войне 1941-1945г.г.», «20-летие Победы в Великой Отечественной войне», «25-летие Победы в Великой Отечественной войне», «30-летие Победы в Великой Отечественной войне», «За освоение целинных и залежных земель», «Ветеран труда» медальдары иегері. 1975 жылдан зейнеткер. Егемендік жылдары Елбасы Н.А.Назарбаев ақсақалға «Республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер» деген атақ берді.

Ғабдулбәриев Нұргали

Н.Ғабдулбәриев Атбасар уезінің №14-ші ауылында туды. Жергілікті молладан арабша оқумен жазуды үйренді. 1931жылға дейін колхозда жұмыс істеді.Содан соң Ташкенттің сауда институтының жұмысшы факультетін бітірді. 1942 жылға дейін ликбез мектебінің мұғалімі, осы мектептің директорының орынбасары, аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, Қосбармақ МТС-ың саяси бөлімінің бастығы болды. 1942-1943 жылдары ҰОС-да болып ауыр жаралы болды. 1944-1973 жылдары Атбаср аудандық сотының судьясы және төрағасы болды. 1977 жылы дүниеден озды. ҰОС-дағы және еңбектегі ерліктері үшін бірнеше медальдармен марапатталған. Жұбайы Қатыш екуеі Ермек (07.02.1946ж.т.) деген ұл тәрбиеледі. Оның бір ұлы, бір қызы бар. Ұлы-Арман-ата жолын қуған заңгер. 2012 жылдың қазан айында, туғанына 100 толуына, және ҰОС-дағы Жеңістің 70-жылдығына байланысты ардагер құрметіне сот қабырғасына мемориалдық мәрмәр тақта орнатылды.

Гудимов Николай  Петрович

Н.П.Гудимов Ақмола облысы Щучинск ауданында туған. 1943 жылдың сәуір айынан 1944 жылдың сәуір айына дейін Ұлы Отан соғысында әскери ұщқыш ретінде қатынасқан. Ауыр жарадан кейін әскер қатарынан 2-ші топтағы мүгедек болып босатылған. 1948 жылға дейін Қырғызстанда заңгерлік білім алып, 1959 жылға дейін сол Республикада сот және прокуратура салаларында қызмет атқарған. Содан соң, 1963 жылға дейін Көкшетау облыстық прокуратура саласында бірнеше лауазымды орындарда болған. Кейін 1963 жылы Щучинск аудандық сотына судьялық қызметке ауысып 1982 жылға дейін судья болған. 2000 жылы қайтты.

Хамит Ысқақұлы Ысқақов

Х.Ы.Ысқақов Ақмола облысының Жарқайың ауданы Братолюбовка селосныда дүниеге келген. Ол 1941 жылы тамыздың 26-сы күні Украинаның Колгострои кентінде ауыр жарақат алып, сол аяғынан айырылады. Хамит Ысқақұлы «Ұлы  Отан соғысының» 1 және 2-дәрежелі ордендерімен, «За победу над Германией в Великой Отечественной войне в 1941-1945 годы» медальдарымен марапатталған. 1949 жылы соғыстан кейін ол Алматы қаласының заң мектебін бітіреді.  Еңбек жолын прокуратура жүйесінде бастады. 1942-1955 жылдары, яғни 13 жыл ол Ақмола облысының Есіл ауданы прокуратурасының тергеушісі, кейін, облыстық прокуратурада аға тергеушісі болады, одан әрі Көкшетау облысының Красноармейск және Чкалов аудандарында прокуроры қызметін абыроймен атқарады. Ал, 1955 жылдан бастап 1966 жылға дейін, яғни, 11 жылдан артық ол Көкшетау облысы Қызылту ауданының халық сотының төрағасы болып бірнеше мәрте сайланды. 1966-1975 жылдары Целиноград және Торғай облыстық адвокаттар алқасының мүшесі, Жарқайың ауданының Державинск қаласында адвокат болып істеді.

Калимуллин Әбдірахман Шайдоллаұлы

Ә.Ш.Калимуллин Алматы қаласында көп  балалы отбасында 1922 жылы туған. Ұлы Отан соғысы басталғанда, ол ауыл шаруашылығы институтының студенті еді. 1942 жылдың мамыр айында әскери училищесін аяқтағаннан кейін, ол Мәскеудің түбінен соғысқа қатынасты. Жас лейтенант қарусыз жолданған орынға жетуге кетеді. Кенеттен, оларға атыс басталып, Әбдірахман Шайдоллаұлы жарақат алады, бірақ, деген жеріне жетеді. Осылай, Әбдірахман үшін соғыс басталды. Ол Ленинград, Орел, Ельня, Смоленск, Орша калаларын босатуға қатысады. Орша қаласын босатуда ауыр жарақат алып, Жеңіс туралы хабарды әскери ауруханада жатқанда естиді. Майдангер «Красная звезда» орденімен, «За отвагу», «Отечественная война»  медальдарымен марапатталды. Содан кейін, Әбдірахман Шайдоллаұлы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірді. Көп жылдар Әбдірахман Шайдоллаұлы Ақмола облысының адвокаттар алқасын басқарды. Ақмола облысында Баранкөл қазіргі Жарқайың ауданы құрылғаннан кейін, сол аудандық соттың төрағасы қызметін атқарды. 1969-1978 жылдары Әбдірахман Шайдоллаұлы Есіл аудандық сотының төрағасы болды. Заңгерлік қызметте, жалпы есеппен алғанда, ақсақал 30 жылдай болды. Ауданда оны әділ судья деп таниды. 2009 жылы Әбдірахман Шайдоллаұлы қайтыс болып, Есіл қаласының зиратында жерленді.

Көкенов Малгаждар Көкенұлы

М.К.Көкенов Солтүстік Қазақстан облысының қазіргі Аққайың ауданында  Үш-қызыл ауылында туған. 1935 жылы Петропавлдағы педагогикалық училищесіне түсті. Оқу бітіріп, Булаев ауданында мұғалім болып еңбек етеді. 1940 жылы Кеңес Армиясына шақырылады. Әскерде жүргенде, Ұлы отан соғысы басталады. Ол 1941 жылдың шілде айында ауыр жараланып, әскери ауруханада ұзақ емделіп шыққаннан кейін денсаулығына байланысты әскерден босатылып, туған ауылына оралады. Майдангер Петропавлдағы Калинин атындағы орта мектепте мұғалім болып жүргенінде, комсомол комитеті оны Алматы қаласына заңгерлер курсына жібереді. Курсты үздік аяқтап, Көкшетау ауданының 2-участкесінде халық судьясы болып қызмет етеді. 1945 жылдан 1949 жылға дейін Көкшетау облыстық сотының мүшесі, содан кейін, Көкшетау облыстық адвокаттар алқасы Президиумының төрағасы, ал 1957 жылдан Көкшетау қалалық сотының судьясы. Кейін, зейнеткерлікке шыққанға дейін сол қалалық соттың төрағасы  қызметін абыроймен атқарды. Ол «За боевые заслуги», «За победу над Германией», «За доблестный труд», «20 лет Победы над фашистской Германией», медальдарымен және көптеген грамоталармен марапатталған.

Құрмашев Еслям Ғазизұлы

Е.Ғ.Кұрмашев Ақмола облысы Калинин ауданы (қазіргі Бұланды) ауылында дүниеге келген. Ол еңбек жолын 1942 жылдан бастайды. Сол жылы ол Қызыл әскер қатарына шақырылып, шайқастарға белсенді қатысып, бірнеше рет жараланады. Соғыстағы көрсеткен ерліктері үшін «Ұлы Отан соғысының» 1 және 2-дәрежелі «Қызыл жұлдыз» ордендерімен, «Ерлігі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін» тағы да басқа медальдармен марапатталған. Соғысты 1945 жылы шығыс Пруссиядағы Кенинсберг қаласында жаяу әскер капитаны шенінде аяқтайды. 1945 жылы Еслям Ғазизұлы Алматы қаласындағы заң курсының тыңдаушысы болады. Курсты бітірісімен Көкшетау қаласындағы облыстық әділет басқармасының ревизорлығына тағайындалады. 1948 жылы Алматы қаласындағы республикалық заң мектебінің студенті болады. 1948 жылдың тамызынан 1956 жылдың қаңтарына дейін сол кездегі Көкшетау облысы Володар ауданында судья болып істейді. Содан кейін, сол облыстағы көрші Казанка ауданында сот төрағасы жауапты қызметін атқарады. 1965-1969 жылдары Қызылту ауданындағы халық сотының төрағасы, 1969-1976 жылдары Келлер ауданындағы халық сотының, 1976-1984 жылдары Зеренді ауданындағы халық сотының төрағалары қызметін абыроймен атқарды. 1980 жылы Еслям Ғазизұлына адал да абыройлы еңбегі үшін Қазақ ССР-ің еңбегі сіңген заңгері атағы берілді. Ол бірнеше рет Қазақ ССР Жоғарғы Сотының грамоталарымен т.б. наградалармен марапатталған болатын. Сондай-ақ, Қызылту, Келлер, Зеренді аудандары кеңесінің халық депутаттығына сайланады. Еслям Ғазизұлы жеті баланың әкесі. 1984 жылы Зеренді аудандық сотының төрағасы қызметінен құрметті демалысқа шығады. 1986 жылы 62 жасында мәңгілікке көз жұмды.

Мясоедов Владимир Павлович

В.П.Мясоедов Алматы облысында туып Алматыда қайтыс болды. Ұлы Отан соғысында қатысты. Бірнеше мәрте ордендер және мелалдармен марапатталған. Соғыстан кейін аудандық және облыстық соттарда судья болған. 1975-80 жылдары Көкшетау облыстық соты төрағасының орынбасары. Содан кейін зейнетке шыққанша Алматы облыстық сотының судьясы болды.

Жерлицин Петр Васильевич

П.В.Жерлицын Ақмола облысы Алексеевка селосында туған. 1941 жылдың 9-шы қарашасында әскер қатарын шақырылды. ҰОС әр майдандарына қатынасып 1944 жылдың 3 мамырында 2-ші топтағы мүгедек болып әскер қызметінен босатылды. Заңгерлік жолын 1945 жылдың 1-ші қаңтарында Ақмола облысы Сталин (бүгін Ақкөл) ауданында нотариустықтан бастады. Судьялық жолы 1948 жылдың  2-ші ақпанында Макин (бүгін Бұланды) ауданының сотында басталды. 1951 Атбасар аудандық сотына ауысты. 1953 жылы Балкашин (бүгін Сандықтау) аудандық сотында судьялық қызметін жалғастырды. 1956 жылы Есіл аудандық сотына төраға болып тағайындалып онда 16 жыл жұмыс атқарды. 1972-1982 жылдары Степногор қалалық сотының төрағасы болып құрметті демалысқа шықты. Яғни, П.В.Жерлицын 37 судья болды. Жауынгерлік ерліктері үшін және көп жыл судьялық қызметте адал, қажырлы еңбек атқарғаны үшін көп ордендер және медалдармен марапатталған. 2001 жылдың 8 наурызында дүниеден өтіп Степногор қаласында жерленді.

Сәркенов Қайыржан Сәркенұлы

Қ.Сәркенов 1919 жылы Ақмола облысы Еркіншілік (бүгін Ерейментау) ауданы Благодатное ауылында туған. 1942 жылдың қаңтарынан 1946 жылдың қарашасына дейін 58-шекара отрядында әскери міндетін өтейді. Әскери ерлігі үшін «За  победу над Германией», «За победу над Японией», «20-летие победы в Великой отечественной войне 1941-1945 годов», «40 лет победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 годов», «70 лет Вооруженных сил СССР», ал ұзақ жылғы абыройлы еңбегі үшін «Еңбек ардагері» медалдарымен марапатталды. 1939 жылы Ақмола облысы Еркіншілік ауданының судьялығынан бастады; 1940 жылдың қыркүйек айынан 1941 жылдың қантарына дейін Ақмола облыстық сотының сот шешімін орындаушысы болды. 1947-1982 жылдары Ақмола облысы Астрахан ауданының судьясы және төрағасы қызметтерін абыройлы атқарды. Ол 1982 жылы 63 жасында құрметті демалысқа шығады.

Сейітов Тақау Сейітұлы

Т.С.Сейітов 1900 жылы Ақмола облысының Үлкен-Қараой (Қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданы) уезінде қойшының отбасында туған. 1917 жылдан 1926 жылға дейін батырақ болады. 1929 жылы  Петропавл қаласындағы кеңестік партия мектебін бітірген. 1928-1933 жылдар аралығында, яғни, 5 жыл Ақмола облысы Қызылту ауданының судьясы болады (Қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Уәлихан ауданы). 1933-1936 жылдары аталмыш аудандағы байланыс  бөлімінің бастығы қызметін атқарады. 1936 жылдың шілде айынан 1942 жылдың 16 тамызына дейін яғни, 7 жылдан артық Ақмола облысының Төңкеріс және Еңбекшілдер аудандарында судья болып қызмет істейді. 1942-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысып, екі рет жарақат алады. 1946 жылдан Еңбекшілдер ауданы Жарқайың ауыл-кеңесінің төрағасы. 1951 жылы Алматыдағы заң мектебін бітірді. 1947-1955 жылдары яғни, 8 жыл Қызылту аудандық сотының судьясы қызметіне бірнеше мәрте  сайланды. 1955 жылдың 5 наурызынан 1962 жылдың 15 маусымына дейін Қызылту аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің меңгерушісі болып абыройлы еңбек етті. Ал  1974 жылы ақсақал қайтыс болып сол ауданда жерленді.

Солуня Иван Антонович

И.А.Солуня Солтүстік Қазақстан облысы Красноармейск ауданы Ново-Приречное селосында шаруа жанұясында дүниеге келді. 1930 жылдан еңбек жолын Тайынша МТС-ның есепшісі болып бастады. 1939 жылдан сот жүйесіндегі өтілі Красноармейск аудандық сотының судьясы қызметінен ашылды. 1941-1947 жылдары КСРО аумағында, Әскери трибуналдың мүшесі (судьясы) болып, кейін Иран мемлекетінде трибуналдың төрағасының орынбасары болды. 1947-1949 жылдары еңбек жолы Солтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасының орынбасарлық қызметінде жалғасты. 1949-1957 жылдары, яғни елеулі мерзім, Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы қызметін атқарды. 1957-1959 жылдары Көкшетау облыстық сотының төрағасы қызметінде болып, судьялық еңбегін денсаулығына байланысты тоқтатты. 1969 жылы шілде айында ұзаққа созылған науқастан кейін дүние салып Көкшетау қаласында жерленді. Марапаттары : Көп жыл, адал да қажырлы қызмет атқарғаны үшін, мемлекет және сот жүйесінің басшылары тараптарынан Солуня И.А. сан мәрте әр дәрежедегі марапаттарға ие болды.

Cудоплатов Мефодий Васильевич

 Ақкөл аудандық сотының деректеріне қарағанда М.В. Судоплатов ҰОС-на дейін және соғыстан кейін бірнеше жыл Сталин (қазір Ақкөл) аудандық сотының судьясы болған. Бұл деректерді Аршалы ауданының Константиновка ауылында тұратын Богатырев Виктор Васильевич деген жиені және Балхаш қаласында тұратын Самонов Дмитрий Александрович деген немересі жолдаған. М.В. Судоплатов Балхаш қаласында қайтқан.

Александр Петрович Торкин

А.П.Торкин РФ Пенза облысы Каменск ауданы Владыкино селосында туған. Бүгінгі таңда Астанада тұрады. 1945-1950ж.ж. – арнайы орта және жоғары заң білімін Алматы мен Москвада қалаларының алған. Әскери қызмет және ҰОС-на қатысуы: 1939ж.-техникумында оқып жүрген кезінде әскери қызметке шақырылды. ҰОС-ына қатысуды артиллерия лейтенанты шенінде бастады. Москваны қорғауға және басқа қалаларды азат етуге қатынасты. 05.05.1945ж. Кенигсбергті азат етумен соғысты аяқтады. Заңгерлік қызметі: 09.1945-12.1950ж.ж.-5ж.–Қаз.КСР-ның Әділет Министрлігінде кеңсе меңгерушісі, кейін министрдің көмекшісі. 01.1950-01.1956ж.ж. – 6 жыл – Ақмола облысы бойынша Әділет басқармасының басшысы. 01.1956-12.1962ж.ж.-6 жыл, Ақмола облыстық сотының төрағасы. Заңгерлік қызметіндегі өтілі 17 жыл. Кейінгі 20 жыл ішінде «Целинэлектросетьстрой» тресінің басшысының орынбасары. Марапаттар: «Красная звезда», 1-ші және 2-ші дәрежелі «Отечественная война» ордендері, «За Отвагу», «За взятие Кенигсберга», «За оборону Москвы» және «За освобождение Польши» медальдері, Әділет Министрлігінің құрметті төсбелгілері, қүрмет грамоталары, Судьялар Одағының «ҮШ БИ» құрмет белгісімен.

Төлеутаев Дулат Төлеутайұлы

Д.Т.Төлеутаев Ақмола облысы Атбасар болысының №16 ауылында туған. Ақмола теміржол техникумын бітіргеннен соң – 1934-1941 жылдары мамандығы бойынша темір жол саласында, кейінірек Семей облысы Аягөз аудандық партия комитетінде нұсқаушы болып қызмет істеген. 1942-1943 жылдары №63-ші Омбы-Сібір атта әскер дивизиясының құрамында Оңтүстік-Батыс майданында Ұлы Отан соғысына қатысты. 1943-1962 жылдары істеген қызметтері: тергеуші, Аягөз аудандық прокурорының міндетін атқарушы, Әділет Министрлігінің Ақмола облысы бойынша басқармаасының бастығы, Шортанды және Еңбекшілдер аудандық соттарында судья. 1962 жылды қараша айынан 1979 жылдың маусым айына дейін, яғни зейнеткерлікке шыққанша – Ақкөл (бұрынғы Алексеев) аудандық сотының төрағасы болды. 1986 жылдың 20 сәуірінде, 72-ге қараған шағында ұзаққа созылған ауыр науқастан кейін қайтыс болды.  30 жылдан артық судьялық қызметте болғанда, Д.Т.Төлеутаев өзінің адами және кәсіби қаблеттерін тек қана жақсы жағынан көрсеткен адам. Сондықтан, ол тұлға жоғары аброй және аса зор құрмет көрген. КССРО және ҚССР мемлекеттік марапаттарына көп мәрте ие болды. Судьялар арасында сирек кезздесетін ҚССР-сының еңбек сіңірген заңгер деген атағының да иегері болды және дербес зейнеткер деген атақпен еңбек жолын абройлы аяқтады.