Судья әдебі жөніндегі Комиссия

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

2021 жылдың Судьялар одағы Ақмола филиалының

судья әдебі жөніндегі Комиссияның жұмысы туралы ақпарат

2021 жылы судья әдебі жөніндегі Комиссияға 18 судьяға қатысты 34 өтініш келіп түскен (Құпия құжаттар бойынша бөлек есеп жүргізіледі).

Соның ішінде 2 өтініш кері қайтарылып, 5 ұқсас, 1 қайтадан жасалған деп танылып, 10 бойынша түсіндірме берілген.

16 судьяға қатысты 16 өтініш мәні бойынша қаралған. Мәні бойынша қаралған, 16 өтініш ішінен 14 (87,5%) негізсіз деп танылған олар бойынша Комиссияның хаттамалық шешімдерімен судьялардың cудья әдебіне қайшы келетін теріс қылық жасауы мен судьялық әдеп Кодексін бұзушылығы фактісінің жоқтығына байланысты өндіріс тоқтатылған.

2 өтініштің (қаралғандардың санынан (12,5%) уәждері расталған.

Комиссияның құзырына жатпайтын мәселелер жөніндегі өтініштердің саны қысқартылған. Егер 2020 жылы осындай өтініштер бойынша 21 түсіндірме берілсе, ағымдағы жылы – 10, яғни олардың саны 47,6%-ға азайған.

Судьялар одағы Ақмола филиалының судья әдебі жөніндегі Комиссиясының 2021 жылы 16 қыркүйектегі хаттамалық шешімімен  аудандық судья қатысты судьялар әдебіне қайшы келетін теріс қылық жасау фактісі танылып, қоғамдық сөгіс шығарылды.

Сонымен қатар, Комиссияның 2021 жылғы 24 қыркүйектегі хаттамалық шешімімен ауданаралық судья судьялар әдебіне қайшы келетін теріс қылық жасау фактісі танылып, қоғамдық сөгіс шығарылды.

Осылайша, 2020 жылмен салыстырғанда есептік кезеңде судья жөніндегі Комиссияға өтініштер санының 12,0%-ға төмендеуі (46-дан 34-ке дейін)  кезінде мәні бойынша қаралғандардың саны 2,0%-ға азайған (18-ден 16-ға дейін), 2020 жылы 5%-ды құраған негізді өтініштердің (5 негізді өтініш) үлесі 2%-ға дейін қысқарған (2 өтініш расталған).

Судья әдебі нормаларын бұзушылықтары фактілерін болдырмау, сот билігінің беделін кемітетін фактілердің алдын алу мақсатында, облыстық сотпен және судьялық әдеп жөніндегі Комиссиямен жүйелі профилактикалық жұмыс жүргізілу жалғасып жатыр.

Комиссияның төрағасы және мүшесімен судьялық әдеп жөніндегі Комиссияның Ережесін және судьялық әдеп Кодексінің нормаларын түсіндіру мәселелері судья лауазымына кандидаттар мен қызметтегі судьялардың тағылымдамадан өтуінің жоспарларына қосылған.

Ағымдағы жылы 2021 жылдың жұмыс қорытындылары бойынша облыс судьяларының кеңейтілген кеңесінде судьялардың іс-әрекеттеріне негізді шағымдарды болдырмау бойынша тиісті шараларды қабылдау, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, алдыңғы жылмен салыстырғанда 2021 жылғы судья әдебі жөніндегі Комиссияның жұмысын талдау нәтижелері талқыланған.

Ақмола облыстық сотының судьясы З.Ш.Смағұлова