Музей

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Облыстық сот жүйесінің мұражайы

Облыстық сот басшылығының бастамасымен М.М.Ғибәділов 2011 жылғы ақпан айында Ақмола облысы сот жүйесінің мұражайын құру жөнінде жұмысын бастаған. Мұражай 2011 жылғы 27 желтоқсанында ашылған болатын. Мұражайға арнап облыстық соттың басшылығы облыстық сот ғимаратының бас корпусының үшінші қабатындағы кассациялық сот алқасының бұрыңғы бөлмесін берген. Мұражайдың негізгі экспозициялары:

- Бурабай тауларының және қөлдер аймағында билердің отырысын бейнелейтін «Билер сотының отырысы» атты диорамасы; диорама мұражай кіреберісіндегі сол жағында орналасқан және бөлменің едәуір бөлігін иеленген;

- бөлменің кіреберісіне қарама қарсы , артқы қабырғаның жанында Ақмола- Көкшетау өңірінің Қанай би, Әлдібек би, Саққұлақ би және Әйтеке билердің гипс мүсіндері орналасқан; мүсіндер панно фонында орналасқан - ұлттық ою-өрнектің әшекейімен безендірілген, жасыл жиекті қызыл түсті бейнелер; панноның қызыл алаңында әр мүсіннің жанында бұл билердің нақылдарымен әдеби жағынан рәсімделген маңдайшалар орнатылған; мүсіндерді Ақмола облыстық сотының бұрыңғы судьясы - қазірде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Өмірсерік Сағындықұлы Қожабаевтың тапсырмасымен Астана қаласының мүсінші Тоқтар Ермеков жасаған;

- мүсіндердің жанында никельденген діңгектерде билердің өмірбаяны жазылған А-3 формат көлеміндегі тақталарда ақпарат орнатылған;

-  биіктігі 2 метрден астам екі арнаулы шкаф-көрмелерде аталмыш билердің өмір белестері жөнінде әдебиет пен фотоқұжаттар орнатылған;

- қабырғалардың оң және сол жағында А-3 формат көлеміндегі алтынданған рамкаларда Көкшетау облыстық сотының бұрыңғы 10 төрағасы және Ақмола облыстық сотының бұрыңғы 13 төрағасының портреттері орнатылған;

- әр портреттің астында А-3 формат көлемінің 1/3 бөлігінің мөлшерінде дәл сондай алтынданған рамкаларда әр төрағаның өмірбаяндары туралы мәліметтері орнатылған;

- көп төрағаларының портреттерін және өмірбаян мәліметтерімен кестелерді әзірлеу фотосүрет пен өмірбаян мәліметтерін іздестіруіне орай ұзақ уақыт алды; 1947-1949 жылдары Ақмола облыстық сотының төрағасы А.А.Асаубаевтің, 1962-1965 жылдары Тың өлкелік сотының (Ақмола облыстық сотының заңды мұрагері) төрағасы С.Қ.Сақбаевтің және 1955-1957 жылдары Көкшетау облыстық сотының төрағасы Н.Т.Галочкинның өмірбаян мәліметтерін осы күнге дейін табылған жоқ, бірақ бұл жұмыс жалғасуда;

- өмірбаян мәліметтерінен сәл төмен, екі қабырғада А-4 нысанды шегінде Ақмола және Көкшетау облыстық соттары ұжымының жұмысы туралы фотосүреттер орнатылған;

- қабырғалардың оң мен сол жағында өткен ғасырдың 40-80 жылдары ардагер-судьялардың өмірі мен қызметі туралы экспонаттармен биіктігі 90 см сегіз тумба-көрмелер тұр, атап айтқанда: - «ҮШ БИ» ҚР Судьялар одағының құрмет белгісі, «ҚР Судьялар одағы» РҚБ медальон-эмблемасы, Ақмола облыстық сотының судьясы А.Б.Жакулин берген 50-жылғы сия сауыт пен қалам, аудандық соттар ұсынған, 40-50 жылдары сиямен жазылған үкімдер мен шешімдер; 40-жылдары Ақмола және Көкшетау облыстық соттарының бірінші төрағасы А.Баймұқанов жасаған домбыра және бір жарым ғасыр бұрын оның атасы жасаған қамшы (оның балашағасы ұсынған);

- одан басқа, көрмелерде облыстық сотының бұрыңғы төрағасы А.Ж.Ештай ұсынған, облыстық сотына Германия, Пәкістан, Кореяның судьяларынан, Ақмола облысының құқық қорғау органдарынан көптеген кәдесыйлар орнатылған;

- бөлменің ортасында билердің өмірі мен қызметі туралы фотосүреттердің көшірмелерімен әйнектен жасалған 6 аспалы стенд орнатылған;

- сондай-ақ бөлменің ортасында аспалы стендтердің астында 40-80 жылдары жұмыс істеген ардагер-судьялардың өмірі мен қызметі туралы құжаттармен үш үлкен тумба-көрмелер орнатылған: буклеттер, кітаптар, фотоматериалдар және т.б.;

- шеткі көрмеде отставкадағы судья М.М.Ғибәділовке тиесілі «Роботрон» фирмасы 1989 жылы шығарған, 2000 жылға дейін пайдаланылған «Любава» маркалы жазу машинкасы, сондай-ақ оған және Ақмола облыстық сотының қазіргі судья С.Д.Сақтағановаға тиесілі 1950-1980 жылдарғы заң әдебиеті (кодекстер, олардың түсіндірмелері) жайғасқан;

- бөлменің кіреберісінде оң жақ бұрышында 1998-2010 жылдары пайдаланылған және 2010 жылдан бастап бүгінге дейін пайдаланылатын судьялық мантияға киілген ер кісінің және әйелдің манекендері орнатылған;

- қойылымды бөлменің кіреберісте оң жағынан орналасқан екі көрмелі сөрелер мен аталмыш екі шкафқа ұқсас бір шкаф-көрме аяқтайды; осы сөрелерде құрылған күннен бастап бүгінге дейін әр аудандық және оған теңестірілген соттың тарихы туралы фотокітаптар жайғасқан;

- шкафта «Тілшілер біз туралы» атты қойылым орналасқан, онда судьялар мен судьялар қауымдастығының өмірі туралы баспасөздің жарияланымдармен газет, журналдар, кітаптар жинақталған.

Мұражайдың ажырамас бөлігі мен қойылымның жалғасы ретінде келесі заттар болып табылады:

- үшінші қабаттың холында орнатылған, әйнектен жасалған алты аспалы стендтер- бұл өткен ғасырдың 40-90 жылдары сот Астана қаласында орналасқан Ақмола облыстық сотының қызметі туралы фото және құжатнамалық мәліметтері;

- төртінші қабаттағы холында Ұлы Отан соғысының қатысушы-судьяларының фотосүреттерімен көшпелі стенд-баннер;

- ғимаратқа көшеге шығатын есіктің кіреберісінде бірінші қаабаттың холында сол жақта орналасқан А-4 нысанды олардың фотосүреттерімен әсерлі ресімделген тұрақты стенд;

- оң жақтан іспеттес ресімделген Ақмола облысында жұмыс істеген және жұмыс істейтін «ҚР Судьялар одағы» РҚБ-нің наградасы «ҮШ БИ» құрмет белгісінің иегер-судьяларының фотосүреттерімен стенд;

- бұдан әрі, бірінші қабаттағы кіреберісінде, бөлменің ортасында орналасқан, биіктігі еденнен төбеге дейін сот төрелігінің жебеуші әйелдің гипстен жасалған бедерлі фигурасы.