Халыққа қызмет

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Сот қауымдастығы мен сот жүйесі қызметкерлері арасындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шараларының тиімділігін арттыру туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының тапсырмасына сәйкес Ақмола облыстық соты ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бөлімі басшысының апта сайынғы азаматтарды жеке қабылдау жүргізу тәжірибесін ендіруде. 

Осыған байланысты судьяның немесе сот жүйесі маманының тарапынан сыбайлас жемқорлық әрекетін байқаған жеке немесе заңды тұлға жұмыс істеп тұрған 8 (7162) 55-96-66 сенім телефонына хабарлап қана қоймай, әр аптаның бейсенбі күндері сағат 9.00 ден 13.00-ге дейін Ақмола облыстық сотының ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бөлімі басшысының қабылдауында болып, шағымын жеткізе алады. 

Көрсетілген шара азаматтарды қабылдау тәртібі кестесіне сәйкес жүргізілетін болады. Оған қоса сыбайлас жемқорлық әрекеті туралы хабарлаған тұлғаның қауіпсіздігі бойынша да тиісті шаралар қолданылатын болады.

Қабылдау күні: бейсенбі.

Мекен-жайы: Көкшетау қаласы, Горький көшесі №39, Ақмола облыстық сотының ғимараты.

Қабылдауды Ақмола облыстық сотының ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бөлімінің басшысы Ардақ Елубайұлы Нұрмағанбетов жүргізеді.

Ақмола облыстық сотының сенім телефоны - 8 (7162) 55-96-66.