Сотқа дейінгі, соттағы татуласу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Татуластырушы судьялардың жұмысы туралы

 АҚПАРАТ

 

2022 жылғы 28 наурыз                                                                Көкшетау қаласы                                                       

Дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесу Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі міндеттерінің бірі болып табылады.

2021 жылдың 12 айындағы негізгі статистикалық деректерге сәйкес, облыс соттарымен барлығы 27588 іс аяқталды, соның ішінде тараптардың татуласуымен 3136 немесе 11,4%, 2020 жылы бұл көрсеткіш 1617 немесе 10,8%-ды құраған.

Статистикалық деректер жыл сайын татуласу санының артып келе жатқанын көрсетеді.

Қайтарылған мемлекеттік баждың жалпы сомасы:

2020 жылы - 205 421 254 теңге;

2021 жылы - 135 723 533 теңге;

2022 жылы - 22 721 699 теңге.

Татуластырушы судьялар татуластыру рәсімін өткізу және сотқа дейінгі хаттама бойынша судьяның процестік әрекеттерінің алгоритміне сәйкес өз жұмысын іске асырады.

Олардың жұмысын есепке алу Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты әзірлеген кестелерге сәйкес жүргізіледі.

2022 жылғы 5 қаңтар-25 наурыз аралығында облыс соттарына барлығы 2772 келіп түскен талап арыздың ішінен талап қоюшы өтінішінің негізінде 26 талап арыз қайтарылды.

Татуласу тәртібімен реттеуге жатпайтын талап арыздардың жалпы саны 1160 немесе 41,8% құрайды.

Есептік кезеңде қабылдау сатысында 252 немесе 21,7% талап қою бойынша татуластыру рәсімдері жүргізілді, оның ішінде 10 жұмыс күні ішінде - 211 немесе 18,2%, сотқа дейінгі хаттаманы толтырумен - 41 немесе 3,5%.

10/15 жұмыс күні аяқталғанға дейін 358 талап арыз тарату үшін берілген.

 

Ақмола облысының МАЭС мәліметтері

Есептік кезеңде Ақмола облысының МАЭС-на барлығы 717 талап арыз келіп түсті, оның ішінде 140 талап арыз татуластырушы судьяға бөлінді, оның ішінде 43-і қайтарылып, 1 қабылдаудан бас тартылып, 1-і талап қоюдан бас тартуға байланысты, 10 жұмыс күні ішінде 41-і татуластырумен тоқтатылды.

 

Неке-отбасы қатынастарынан туындайтын азаматтық істер

Осы санаттағы істер бойынша барлығы 314 іс аяқталды, оның ішінде 179 бойынша некені бұзу туралы, талап арызда көрсетілмеген кәмелетке толмаған балаларға алимент өндіру туралы-32, мүлікті бөлу туралы-2 шешім шығарылды. Асырауға алимент өндіріп алу жөніндегі шешімдер, неке бұзылғаннан кейін сот бұйрығы шығарылды.

Тараптардың татуласуы жүзеге асырылатын істердің негізгі санаттары - еңбек даулары, отбасы-неке қатынастарынан туындайтын даулар, шарттық, залалды орнын толтыру туралы даулар.

2022 жылғы 1 жартыжылдыққа арналған азаматтық істер жөніндегі сот алқасының жұмыс жоспарына сәйкес тоқсан сайын талдаулар көзделген:

- облыс соттарының талап арыздарды қайтаруының заңдылығы мен негізділігі;

- облыс соттарымен талап арыздарды қараусыз қалдырудың, қабылдаудан бас тартудың заңдылығы мен негізділігі.

Бұл жұмысты облыстық сот бірнеше жыл бойы жүргізіп келеді. Талдау барысында облыс судьяларымен жіберілетін процестік бұзушылықтар анықталып, мұқият талдау жүргізіледі, ол жұмыста қолдану үшін аудандық, қалалық соттарға жолданады.

Статистикалық деректер талап арыздардың айтарлықтай емес келіп түсуі байқалатын, бірақ татуластыру рәсімдерін іске асыру мүмкін болмаған аз құрамды соттардағы тиімсіз жұмыс туралы көрсетеді.

Жұмыс нәтижелерінің аса маңызды болмауы келесі себептермен негізделеді:

- жауапкердің талап қоюмен жалпы келіспеуі;

- құқықтары мен мүдделері қозғалатын тараптар мен үшінші тұлғалардың татуластыру рәсімдерінің шарттарымен келіспеушілігі;

- дауларды татуласумен аяқтауға тараптар өкілдерінің кедергі келтіруі.

- екінші деңгейдегі банктердің пассивті ұстанымы немесе бітімгерлік рәсімдерінен бас тартуы.

Есептік кезеңде БАҚ-та медиация институтын, татуластыру рәсімдерін дамыту бойынша 46 мақала және "Facebook" парақшасында 14 баспасөз хабарламасы жарияланды.

ТҰЖЫРЫМДАР:

1. Жалпы, татуластырушы судьялардың жұмысы оң нәтижеге ие.

2. Татуластырушы судьялар жұмысының тиімділігін арттыру үшін:

- БАҚ,  Facebook арқылы халық арасында түсіндіру жұмысын жүргізу,

- кездесулер, дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізу.

- билер сотының мүшелерін, медиаторларды тарту.

ҰСЫНЫСТАР:

1. Татуластыру рәсімін жүргізу және сотқа дейінгі хаттама бойынша судьяның процестік әрекеттері алгоритмінің 6-тармағына өзгерістер енгізу ұсынылады, атап айтқанда: "талап арыз келіп түскен сәттен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей шақыруды жолдайды...".

Мұндай ұсыныс талап арыздардың жұма күнінің екінші жартысында келіп түсуіне байланысты.

Бұдан бөлек, талап арыздар түскен сәттен бастап татуластырушы судьяға берілгенге дейін белгілі бір уақыт, кейде 1-2 күн өтеді.

Ақмола облыстық сотының

азаматтық істер жөніндегі сот алқасы