Облыстық соттың баспасөз қызметі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Ақмола облыстық сотының баспасөз хатшысы -

Домалакова Куляш Балтағарақызы.

 

Электронды пошта: 716-0801@sud.kz.

Байланыс телефоны: 8 (7162) 55 97 83.

 

Ақмола облыстық сотының БАҚ-пен жұмыс жөніндегі үйлестіруші судьялар:

 

Қылмыстық істер бойынша – Сатыбалдин Мирас Қалиұлы.

 

Азаматтық істер бойынша – Жұмағұлова Нұржамал Әуесханқызы.

 

Әкімшілік істер бойынша - Ақмола облыстық сотының сот алқасының төрайымы Нуралыева Найля Елгелдіқызы.

 

Баспасөз қызметінің мақсаты:

- Облыстық сот пен жергілікті соттардың қызметі туралы қоғамдық оң пікір

қалыптастыру үшін бұқаралық ақпарат құралдарының әлеуетін пайдалану;

- баспасөз материалдарының күн сайынғы мониторингін, сот тақырыбы бойынша теледидар және радио, БАҚ-та аса маңызды мақалалар туралы сот төрағасын уақтылы ақпараттандыру;

- жетекші ақпарат агенттігімен, республикалық және шетелдік газеттер мен журналдардың редакцияларымен өзара әрекеттестікті қамтамасыз ету;

- облыстық сот қызметі жөнінде хабар таратуы бойынша БАҚ өкілдеріне қажетті ақпарат алуға жәрдем жасау, өзара көмек көрсету;

- баспа, радио, теледидар және Интернетке пресс-релиз, ақпарат агенттігі арқылы сот процестері туралы  шұғыл хабар таратуды, сот қызметі туралы басқа түсініктеме және ақпараттық материалдар мен хабарларды ұйымдастыру;

- баспасөз-конференциясы, брифингтер, сұхбат, журналистермен, телеарнаның бас редакторларымен, ақпараттық агенттіктермен, Интернет-ресустарға судьялардың мақалаларын ұйымдастыру;

- сот жүйесі өкілдерінің БАҚ-та сөз сөйлеуін дайындауға қатысу;

- сот жұмысы туралы БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауаптар дайындау.

 

Ескертпе: Баспасөз қызметі азаматтарға нақты істер бойынша кеңес беруге уәкілетті емес.