Архив событий

19/08/2014

Анасын ұрып-соққаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды

19/08/2014

Ақмола облысы Шортанды аудандық сотында К.-деген азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралды.

К. өз үйінде анасымен жанжал шығарып, анасын  ұрып-соқты, яғни Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің  79-1 бабында көзделген әкімшілік құқықбұзушылық жасады.

Сотта К. өзінің кінәсін мойындады.

Сот қаулысымен азамат К. осы жасаған құқықбұзушылығы үшін кінәлі деп танылып, 10 тәулік мерзіміне әкімшілік қамауға алынды.