Ақмола облыстық сотының төрағасы онлайн режимде БАҚ өкілдерімен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әмір онлайн режимде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесіп, оларды кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Досжан Әмір журналистерге соттардың қызметіне ақпараттық қолдау көрсеткені үшін, халықты құқықтық ағарту жұмысындағы жемісті ынтымақтастығы үшін алғыс айтты.

Облыстық сот төрағасы Д.Әмір соттың баспасөз қызметі мен үйлестіруші судьялардың жұмысын атап өтіп, алғыс хаттар табыс етті.

Кездесуге қатысушылар өз сөздерінде, Ақмола облысының судьялары азаматтарға заңнаманы және сот органдарының қызметіндегі жаңа өзгерістерді түсіндіру бойынша БАҚ-та белсенділіктерін ерекше атап өтті.

 

 

Ақмола облыстық сотының

баспасөз қызметі