Ақмола облыстық сотының төрағасы соттар жұмысының қорытындылары бойынша журналистермен кездесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әмір өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткізілген баспасөз-конференцияда баяндама жасады.

Баспасөз-конференция облыс соттарының 2020 жылдың жұмыс қорытындылары бойынша БАҚ өкілдері үшін өткізілді.

БАҚ өкілдерімен кездесуде облыстық сотының төрағасы Д.Әмір, облыс соттарының алдында қойылған Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру, Жоғарғы Соттың жобалары туралы айтып, заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндірді және Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін қабылдауына байланысты алдағы өзгерістермен таныстырды.

Баспасөз-конференцияда сөз сөйлеп, облыстық сотының төрағасы Ақмола облысы соттарының өткен жылдың жұмыс көрсеткіштерін талдап өтті, сот төрелігін іске асыру сапасын, медиацияны дамыту, электрондық технологияларды қолдану, азаматтардың соттарға сенімін арттыру, заңдылық пен істерді қарау мерзімдерін сақтау және сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілді қолдану сияқты соттар жұмысындағы басты бағыттарын көрсетті.

2020 жылы облыс соттарымен 20 812 іс және 57 290 материал қаралды. 2019 жылмен салыстырғанда қаралған істердің саны 26,1 %, материалдар 77,7 % азайды, ал судьялардың жүктемесі 2019 жылы 112, 7 % - дан 46,7 %-ға азайды.

Мемлекеттік тілде 8,8 % іс қаралды, 2019 жылы – 5,0 %. Соттарда 781 іс бойнша немесе 1,5 %  сот ісін жүргізу тілі мемлекеттік тілге өзгертілді, 2019 жылы бұл көрсеткіш 0,9 % құраған еді.

Ақмола облысы соттарымен жүргізілген талқылаулар, түсіндірулер және мемлекеттік тілді қолдануды дамыту қажеттілігі туралы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының атына жолданған хаттар арқылы сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілді қолдану көрсеткіші өсті.

Д.Әмір соттар қызметі туралы БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы халықты ақпараттандыру жөнінде облыс соттарымен атқарылған жұмысы туралы айтып, медиация мен электрондық сот төрелігін дамуын атап өтті.

Облыстық сотының төрағасы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын бұдан әрі жүзеге асыру мақсатында халықпен кері байланыс күшейтілгенін айтты. «Азаматтардың сұрақтарымен әлеуметтік желілерде жұмыс істеу үшін Ақмола облыстық сотының аккаунті, сот төрағалары және кеңсе меңгерушілерінің жеке аккаунттері ашылды. Заңнамадағы өзгерістерді түсіндіру жөнінде халық үшін ақпараттық жобалар ұйымдастырылды» - деді Д.Әмір.

Облыстық сотының төрағасы Досжан Әмір баспасөз-конференцияда БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

 

Домалакова Куляш,

Ақмола облыстық соты баспасөз қызметінің жетекшісі