Ақмола облыстық сотының төрағасы соттардың жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз-конференция өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Ақмола облыстық сотының төрағасы
соттардың жұмыс қорытындысы бойынша
 баспасөз-конференция өткізді

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров Ақмола облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдерінің қатысуымен облыс соттарының 2017 жылғы 1 жартыжылдығындағы жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз-конференциясынөткізді.

Баспасөз-конференцияда Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Ерлан Жанәділов және қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Раджаб Даминов, сонымен қатар, БАҚ-пен жұмысты үйлестіруші судьялар Сәуле Қияшева, Нұрлан Өміртайұлы, облыстық сот судьялары Алтын Шойынбекова, Светлана Рахметова, ҚР «Судьялар одағы» облыстық филиалының төрағасы Бауыржан Баймырзин және Соттар әкімшісінің басшысы Данияр Сарымсақов қатысты.

Баспасөз-конференцияда облыстық сот төрағасы Д.Әміров 2017 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша Ақмола облысы соттарының жұмыс қорытындысы туралы, сот алқаларының төрағалары Е.Жанәділов және Р.Даминовазаматтық, әкімшілік және қылмыстық істер бойынша сот төрелігін іске асырудың сапасы туралы баяндады.

Облыстық сот төрағасы баспасөз-конференцияда сөз сөйлей отырып, соттарда қаралатын істердің саны жылдан жылға артып, тиісінше азаматтардың сотта құқықтарын қорғау туралы талап қою арыздары өсіп келетінін атап өтті. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Ақмола облысы соттарымен 2017 жылдың 1 жартыжылдығында 47 182 іс пен материал қаралған.Бұл көрсеткіш 2016 жылдың 1 жартыжылдығымен салыстырғанда 12 978 іс пен материалға артқан.

«Жекеше қаулылар құқық бұзушылық жасауға итермелеген себептер мен жағдайларды анықтаумен қатар, анықтау және алдын-ала тергеу органдарының, прокурорлық қадағалау мен сот тәжірибесі қызметін жетілдіруге, сондай-ақ азаматтардың құқыққа құрметпен қарауын қалыптастыруға оң ықпал ететінін көрсетіп отыр. Құқық бұзушылықты қайталау және азаматтардың басқа да бұзушылықтарының алдын-алу мен ескерту мақсатында Ақмола облысының соттарымен қаралған қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер мен материалдар бойынша 390 жекеше қаулы шығарылды. Алайда шығарылған жекеше қаулылардың кейбіріне жауап беруге тиісті органдар уақытылы жауаптарын жолдамаған. Сондықтан да осы бағыттағы жұмыс бақылауға алынатын болады» - деді облыстық сот төрағасы Д.Әміров.

Сонымен қатар, облыстық соттың төрағасы сотқа құрметтемеушілік білдіргені үшін азаматтарға қатысты 14 әкімшілік іс қаралып, оның ішінде 8 азаматқа ескерту жасалып, 1-не айыппұл мен 4-не қамаққа алу жазасы тағайындалды, деді. «Осы себептермен сот отырыстарының белгіленген уақыттарында қаралу мерзімдері де бұзылған. Заң талаптарын бұзған азаматтарды жауаптылыққа тартуға біз міндеттіміз. Республика судьяларының кеңейтілген кеңесінде Жоғарғы Соттың Төрағасы да бұл мәселеге де көңіл аударды – деді Д.Әміров.

Облыстық сот төрағасы сот шешімдерінің сапасына тоқтала отырып, барлық сот актілерінің5,8 пайызы ғана тараптармен шағымдалып, жоғары сатыдағы сотта қаралғанын, ал сот шешімдерінің 94,2 пайызына бірде бір тараптан шағым түспегенін атап өтті.

Баспасөз-конференцияда азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Е.Жанәділов Қазақстан Республикасы шегіненборышкерді шығаруды шектеу туралы сот орындаушылардың 2 854 ұсынысы қанағаттандырылып, борышкердің мүлкін тәркілеу туралы 5 731 қаулы шығарылғанын атап өтті.

Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Р.Даминов сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығымен байланысты 32 адамға қатысты 26 қылмыстық іс қаралғандығын атап өтті (10-ы АІБ қызметкерлері, 9-і әкімдік пен мемлекеттік мекемелердің қызметкері, 6-ы білім саласы мекемелерінің қызметкерлері, 7-і басқа мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері (МКД, ХҚКО, ҚАЖД, Әділет басқармасы).

Алқабилердің қатысуымен 2 қылмыстық іс қаралды.

Сонымен қатар, баспасөз-конференцияда соттармен медиацияны қолданумен 680 қылмыстық, азаматтық және әкімшілік, партисипативтік рәсім тәртібінде 8 азаматтық іс қаралғандығы хабарланды. «Сот кабинеті» сервисі арқылы  облыс соттарына 12 178 талап қою арызы және 5 624 әкімшілік материалдар түсті.

Еліміздегі сот төрелігінің халыққа ашық әрі қолжетімді болуын қамтамасыз ету тұрғысында Ұлт Жоспарының 20-шы қадамы нақты орындалды, облыс соттарының барлық залдарында дыбыс-бейне жазба құрылғылары орнатылды. Барлығы қаралған азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер бойынша - 84,11 % дыбыс-бейнежазба жүйесі қолданылған.

Облыстық соттың төрағасы баспасөз-конференцияныаяқтай келе, журналистерге іс жүргізу мен сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілдің қолдануы жөнінде айтып өтті. «Мемлекеттік тілдің қолданысы төмен болғанына прокуратура, құқық қорғау органдары да жауапты» - деді төраға.

Сонымен қатар, облыстық сот төрағасы Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының негізінде Жоғарғы Сотының Төрағасы Қ.Мәмидің «Рухани жаңғыру – мәңгілік ел болудың кепілі» тақырыбында өткізген «дөңгелек үстелдің» қарары бойынша іс-шараларды іске асыру жұмыстарының барысын хабарлады.

Іс-шаралар аясында өскелең ұрпақтың рухани-мәдени білімін арттыру мақсатында кездесулер, «дөңгелек үстелдер», билерді, қазақ зиялыларын, мәдениет және өнер қайраткерлерін еске алу кештері, мұрағаттар, мұражайлар және кітапханалармен байланыс жасау, сонымен қатар, тарихи-танымдық байқаулар өткізу, тарихи тұлғалардың есімдерін жаңғырту, ұрпақ жадында мәңгі қалдыру мақсатында әкімшілік-географиялық нысандарды белгілеп, олардың есімдерімен атау жұмыстары жоспарланған.

Баспасөз конференцияда сот төрағасы мен алқа төрағалары журналистердің сұрақтарына жауап берді.

 

Ақмола облыстық сотының
баспасөз қызметі