Ақмола облысы соттарының 2015 жылдың 1 тоқсаны бойынша жұмыс қорытындылары

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Ақмола облысы соттарының 2015 жылдың 1 тоқсаны бойынша жұмыс қорытындылары

2015 жылдың 1 тоқсанында Ақмола облысы соттарымен 13 078 азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істер мен материалдар аяқталған, яғни өткен 2014 жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда қаралған істер мен материалдар саны 1 682 -ге немесе 12,9% -ға (11 396) көбейген. 

Облыс соттарымен 417 тұлғаға қатысты 353 қылмыстық іс қаралды. 212 - тұлға сотталып, 14-і ақталған, 152 тұлғаға қатысты істер өндірістен қысқартылып, медициналық мінез-құлықта 3 тұлғаға шаралар қолданылды.

Келесі жазалау шаралары тағайындалды: 54 тұлғаны бас бостандығынан айыру;  29-на айыппұл; 46-на қоғамдық жұмыстарға тарту; 55 тұлғаға бас бостандығын шектеу; 1 тұлға - белгілі бір қызметіне ие болу құқығынан айыру; ҚР ҚК 65-69 баптарын қолданумен 2 тұлға жазадан босатылған; ҚР «...рақымшылық туралы» Заңын қолданумен -1 тұлға.

Облыс соттарымен азаматтық істер бойынша 6 730 іс пен арыз-шағымдар және 3 313 тұлғаға қатысты 3 306 әкімшілік істер қаралды.

2015 жылдың 1 тоқсанындағы облыс соттарының жұмысын қорытындылай келе, облыстық сот төрағасы судьялар корпусының алдына – негізгі шағымдардың азайтуға және сот төрелегін атқару сапасын жақсарту бойынша жеткілікті шаралар қолдану, үздіксіз өз білімін және біліктілігін арттыру бойынша жұмыс істеу тапсырмасын қойды. Алқа төрағаларына судьялардың құқық бұзушылығына жол бермеу үшін маңызды шаралар қолдануды тапсырды.

Облыстық соттың төрағасы судьяларға жемқорлыққа қарсы заңнамаларды мүлтіксіз сақтауын және естен шығармауларына, яғни қызметкерлердің құқықбұзушықтары үшін басшылар да жауапты болатынын ескертті.

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енген жаңа Қылмыстық, Қылмыстық іс жүргізу, Қылмыстық-атқару және әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстермен облыс соттары жұмыстарын бастап кетті.

 

Ақмола облыстық сотының
баспасөз қызметі