Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Ұлт жоспары 100 нақты қадам – отандық сот жүйесінің ауқымды үдерісі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді// 2015 жылғы 5 қыркүйек

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Ақмола облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты облыстық прокуратура, қала әкімдігі, қаржы бақылауы инспекциясы, адвокаттар алқасы, БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Ұлт жоспары 100 нақты қадам – отандық сот жүйесінің ауқымды үдерісі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.  

Сот төрағасы Ерғали Ізтаев Елбасы ұсынған бес институционалдық реформа – заң үстемдігін қамтамасыз етудегі 11 қадамы сот төрелігіне қолжетімдікті жеңілдетуге және соттардың жұмыс сапасын арттыруға бағытталғандығын айтып өтті.

Дөңгелек үстелде судьялар баяндамалар оқыды. 

Судья К.Шаймергенов судьялардың жаңа этикалық кодексі әзірленіп жатқанын айтып өтті. Оның негізінде азаматтар Жоғарғы Соттың жанынан құрылған Сот жюриіне судьялардың әрекеттеріне шағымдана алатын болады.

Судья Б.Рахманбердиев бес сатылы сот жүйесінен үш сатылы жүйесіне көшу арқылы сот жүйесін оңтайландырады және бұл реформа сот төрелігін жүзеге асыру мерзімін қысқартып, талап арыз түсірген уақыттан бастап сот шешімінің заңды күшіне енгенге дейінгі уақытын азайтатындығына тоқталды.

Оған қоса судьялық лауазымға үміткерлерді іріктеуге арналған біліктілік талаптары мен механизмі қатайтылмақшы. Судьялардың лауазымына үміткерлерге бес жыл бойы сот процесіне қатысу міндеттеледі. Судья А.Бекқожина баяндамасын осы бағытта өрбітті.

Сот жүйесі үшін мамандарды даярлау мен оқыту кезеңіде үлкен маңызға ие. Оған жәрдемдесу үшін мемлекеттік басқару академиясының құрылымынан сот төрелігі институты бөлініп алынады. Институттың Жоғарғы Соттың жанында қызмет етуінің арқасында, қызмет атқарып жүрген судьялар өз біліктіліктерін тұрақты түрде жетілдіріп отыратын болады. Осы жөнінде судья Е.Қалымханов айтып өтті.

Қазіргі таңда ақпараттық технологияларды дамытуға көп көңіл бөлінуде, республика соттарында да сот процестерін аудио-бейне жазбалар жүйесі енгізілуде, ол сот төрелігінің ашықтығы мен айқындылығын қамтамасыз етеді, сот процесі барысында тараптардың құқық бұзушылыққа баруының алдын-алып, барлық қатысушыларды тәртіпке шақырады. Ұлт жоспарында ұсынылған сот реформаларына сәйкес енді сот процестерін аудио-бейне жазбаға тіркеу міндетті болады. Аталған тақырыпты судья Ү.Қасымова жан-жақты ашып, баяндап берді.      

Адам мен азаматтың конституциялық құқығын шектейтін, барлық тергеу әрекеттерін санкциялау бойынша құзіреттерді тергеу судьясына кезең-кезеңімен беру есебінен соттардағы айыптау мен қорғау арасындағы теңгерімді қамтамасыз етеді. Ол жөнінде судья А.Кочубаев баяндап берді.

Судья О.Ізмұхамедова алқа билер институтының қолданылу аясын кеңейту мәселесі туралы сөз қозғады.

Азаматтық сот ісін жүргізуде азаматтық және экономикалық даулар бойынша істерге прокурордың қатысуын қысқартудың құптарлық шешім екендігі туралы, осының арқасында сот рәсімдері қысқартылып, азаматтық істер бойынша істерді қарау шапшаңдығының артатындығы туралы судья А.Жүнісова атап өтті.

 Реформа аясында инвестициялық даулар бойынша сот ісін жүргізуді ендіру, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотында ірі инвесторлардың қатысуымен дауларды қарау үшін инвестициялық алқа, шетелдік беделді судьялар мен заңгерлердің қатысуымен үздік халықаралық стандарттарды енгізу үшін Халықаралық кеңес, Астана қаласында AIFC Халықаралық арбитраждық орталық құру сияқты қадамдар қарастырылған. Бұл жөнінде судья З.Смағұлованың баяндамасында айтылды.  

Талқылау соңында дөңгелек үстелге қатысушылар осы ауқымды реформаларды жүзеге асыру, отандық сот жүйесінің сапасын арттырып, жаңа деңгейге көтеретіндігін және халықаралық стандарттарға негізделген сот төрелігі ашықтық пен қолжетімділікті қаматамасыз етеді деп атап өтті.