Ақмола облысының Степногор қалалық соты «100 нақты қадам – заң үстемдігін қамтамасыз ету» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді// 2015 жылғы 22 тамыз

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

«100 нақты қадам – заң үстемдігін қамтамасыз ету» Ұлт жоспарын талқылау бойынша Ақмола облысының Степногор қалалық соты дөңгелек үстел өткізді.

Бұл іс шараға сот төрағасы М.Ахметов, судьялар С.Краснов, Р.Сүлейменова, С.Кенжеғұлова, Г.Нұрғалиева, Г.Төлеубаева, Степногор қаласы прокуратурасының, Ішкі істер басқармасының өкілдері қатысты.

Сот төрағасы М.Ахметов дөңгелек үстелде сөйлеген сөзінде «100 нақты қадам» алға қойылған мақсатқа жету үшін Қазақстан елінің ықпалын көтеретін, биік белестерге жеткізетін жолдың бірі деп атап өтті.

Сот төрағасы заңның үстемдігін қамтамасыз ететін бес деңгейдің ішіндегі екінші институцианалды реформа деңгейі жөнінде айтып берді. Онда еліміздің сот жүйесін модернизациялау мен жетілдірілу мәселесі қозғалды.

Сонымен қоса, алқа билер сотының кең қолданылуы, бес деңгейлі сот жүйесінен үш деңгейлі сот жүйесіне көшу қолжетімді, жеңілдетілген және теңдестірілген сот жүйесін қалыптастырады. Сонымен қатар, заманауи технологияларды пайдалану, электронды сот ісін енгізу және сот органдарының Интернет-ресурстарын модернизациялау мәселесі талқыланды.

Дөңгелек үстелдің жұмысын қорытындылай келе, сот төрағасы М.Ахметов мемлекет басшысымен  бастау алған Ұлт жоспары «100 нақты қадамды» іске асыруға шақырды, «100 нақты қадам» әр қайсысы білім және жаңа технологияға сенім артып, келешекте Қазақстан қоғамының модернизацияланған, инттелектуалды іргетасы болады деп атап көрсетті.