Ұлт болып ұйысудың бағдары

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ұлт болып ұйысудың бағдары

Дамыған отыз елдің қатарына қосылуды мақсат тұтқан Қазақстан соңғы ширек ғасырда биік белестерді ба­ғын­ды­рып, бірліктің арқасында бірегей жетістіктерге жетті. Ал­дымен ел тұрмысына елеулі көңіл бөлген мемлекеттік сая­сат ендігі кезекте елдің рухын жаңғыртуға бағыт тү­зеді. Бұқараға жаққан бұл ізгі бастаманы Елбасының «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық ма­қаласынан айқын түсінуге болады. «Санамыздың ізі­мізден озып жүруін» пайымдап, «ұлттық рухымыздың бойымызда мәңгі қалуын» белгілеп берген Нұрсұлтан Әбішұлы ұлт болып ұйысып, жұрт болып жұмылудың жолын көрсетіп отыр. Ендеше, бұл бағдар «мен» деген әр отандасымызға таудай жауапкершілік жүктейді.

Елбасының «ұлттық код» ұғымын тілге тиек етуі осынау жауапты кезеңде көп мән-жайды аңғартады. Ұлттық кодтың қа­лып­тасуы айналып келгенде «Мәң­гілік Ел» болу мақсатының ма­ңызды бөлшегі екені анық. Бай және бақуатты, айбынды әрі сән-салтанаты жарасқан мем­­лекет болу қаншалықты ма­­ң­ызды болғанымен, ұлттық ын­­тымақтың іргесі бекімей іл­ге­рі қадам басу мүмкін емес. Ел­ба­сы­ның «ұлттық салт-дәстүрді өркендеудің берік діңгегі ете отырып, әрбір қадамын нық басу­ын қалауы» ортақ мүдденің пі­сіп-жетілгенін білдіреді.

Нұрсұлтан Назарбаев отан­дастарымыздың бәсекеге қа­бі­лет­ті болуын бұл жолғы бағ­дар­ламалық мақаласында ерекше атап өтті. Мейлі, мұғалім немесе тәр­тіп сақшысы болсын, мейлі дә­рігер болсын өз ортасының кә­сіби маманы болса, елдің де еңсесі еңкіш тартпайды. «Адам­дық борышың, халқыңа еңбек қыл» деп Шәкәрім айтпақшы, әр адам бойындағы әлеуетін елінің бо­лашағына, мемлекетінің өсіп-өркендеуіне жұмсаса, жұ­ды­рық­тай жұмылған елдің алмас асуы жоқ. Алдымен сананың ой­ын сараптап, ұлттық рухты қа­білеттілікке, бәсекелестікке ұш­тастыра білудің маңызы зор.

«Жаңғыру жолында ба­балар­дан мирас болып қа­ны­мыз­ға сіңген, бүгінде тамыры­мызда бүлкілдеп жатқан ізгі қа­сиеттерімізді қайта түлетуіміз ке­рек» деді Елбасы. Түсіне біл­ген адамға бір ауыз сөздің ішін­де ғасырлар бойы қазағым деп қан жұтып, елім деп еңіреп өт­кен есіл ерлердің арманы жатыр. Сонымен қатар, Елбасы та­рихтың бүгінге керек қырын ес­керіп, өткен заманның бүгінгі күн­ге көлеңке түсірмеуін, «ұлт­тық кодымды сақтаймын деп, ке­жегесі кері тартып тұратын, аяқ­тан шалатын әдеттерді де ұлттық сананың аясында сүр­леп қоюға болмайтынын» ес­кер­теді. Демек, соңғы сөз­ден әр шешімді ақылмен қа­был­дай­тын, хәкім Абай данамыз айт­пақ­шы, «жылы жүрек пен нұрлы ақыл­ға жүгінген» сарабдал сая­саткердің ойын ұғуға болады. Елбасының салиқалы ойы, әр­бір пайымды пікірі тарихқа де­ген көзқарасты түзетуге, ұлт­тық бі­регейлікті сақтауға, ұлт­тық с­а­на-сезімнің көкжиегін ке­ңей­т­уге бағамды бағдар. «Біз­ге та­рих жайлы өздерінің субъ­ек­тивті пайымдарын тық­па­лауға ешкімнің қақысы жоқ», деуі шешімді пікір.

Жалпы азамат тарихына үңіл­сек, әлемдегі озық өрке­ни­ет­тер ұлттық сипаттан бастау ал­ған­дығын білеміз. Үшінші жаң­ғыру арқылы біз әлемге елі­міздің жаңаша бет-бейнесін танытып, өткен дәуірден қал­ған таптаурын қағидаларды өз­гер­тіп, орындалмайтын «елес идео­логиялардан» бойды аулақ ұс­тауға, жаңа прагматикалық сипат­тағы деңгейге қол жет­кіз­­бекпіз. Қазақстанның тәу­ел­сіздік кезеңіндегі жаңғыруы бай­ыпты қалыпта, уақыт талабын ескере отырып, кезең-ке­зеңімен жүзеге асуда. Эво­лю­циялық жолмен жаңғыру қа­зақ­стандық азаматтың басты бағ­дарына айналмақ. Олай де­уімізге себеп әлемдегі түрлі ре­волюциялардың ешқашан оң­тайлы нәтиже әкелмегенін бі­леміз. Осыған орай рухани жаң­ғыруда қойылып отыр­ған межелі мәселенің бірі – «сананың ашықтығы». Жа­һан­­дану үрдісіндегі бас­ты талап әлемдік тілдерді иге­ру­ге ұм­тылу. Бұл біздің ға­лам­дық үр­діске толыққанды ара­ла­суы­мыз­­ға жол ашып, әлем­дік озық тә­­жірибелер мен же­тіс­тік­терге қол жеткізуімізге мүм­кін­дік әпе­рмек.

Сонымен қатар, мәде­н­и­еті­­міздің озық үлгілері әлем­дік дең­гейде кеңінен та­ны­­лып, дү­ниежүзіндегі бәсекеге қа­бі­лет­ті­лігі халықаралық деңгейге сай болуы қажет. Осы бағытта Ел­басы рухани жаңғыруды жү­зеге асыруда әлемде ешкімге ұқ­са­майтын дербес ұлт болуы­мыз үшін «Жаһандағы замана­уи Қазақстандық мәдениет» жо­ба­сын іске асырудың ме­желі міндетін қойып отыр. Мә­дениетті жасайтын халық бол­ған­дықтан, осы идеяның аясын­да замандастарымыздың же­тіс­тік­терін көрсетуге бағытталған «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жоба­сы қолға алынбақ. Осы рет­те тәуелсіздіктің іргетасын қалауға сүбелі үлес қосқан тұ­ғы­ры биік тұлғаларымызды елг­е танытатын жаңа бастама бол­мақ. Елбасы жаңа тұрпатты Қаз­ақстанның қалануына дарын-қабілеті ерек, ақыл-парасаты зерек жандарды қоғамға етене таныту, оларға ақпараттық қолдау білдіріп, жаңа мультимедиалық алаң қалыптастыруда «100 жа­ңа есім» жобасының өңірлік нұс­қ­асын жасау маңыздылығын ай­қындап берген болатын. Әрбір өлке­нің халқына суықта пана, ыс­тықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар пер­зенттері жетерлік. «Еңбек бәрін жеңбек» деп аянбай ел игілігі үшін қызмет жасап жатқан жандардың есімі мемлекеттің айшықты айнасына айналмақ. Осы орайда отандық сот жүйесінің қалыптасуына ықпал ет­кен ардагер судьялардың ең­бе­гі елеулі. Адалдықтың тура жо­лына беттеген, парасатымен көрінген жандардың бұл жо­баның аясында ел есінде есім­дері сақталып қалатыны мәлім.

Игі бастамаға орай әлемдегі ең таңдаулы әртүрлі тілдердегі 100 оқулық қазақ тіліне ауда­рылып, халқымыздың білі­мін әлемдік кеңістікке, ға­лам­­дық деңгейге алып шы­ғу­ға тың серпін беретіні сөз­сіз. Білім – бүгінгінің бас­ты қа­жеттілігі. «Себебі, құн­ды­лық­тар жүйесінде білімді бәрі­нен биік қоятын ұлт қана та­бысқа жетеді», дейді Елбасы. Дү­ние­танымы кең адам ғана бә­секеге төтеп беретіні анық. Осы орайда өскелең ұрпақты әуе­лі білімге құштар болуға үн­деу­і­нің сыры осында. Ұлы ой­шыл әл-Фараби «білімді болу де­­ген жа­ңалық ашуға қабілетті бо­лу» деп пайымдағандай, білім көк­жи­егінің шарық­тап дамуына қоғамдық және гу­манитарлық ғыл­ымдар бой­ын­ша «Жаңа гу­ма­­нитарлық бі­лім. Қазақ тілін­де­гі 100 жаңа оқулық» жобасы қолға алынбақ.

Сондай-ақ, Елбасы ұсынып отыр­ған рухани жаңғыртудың не­гізгі сипаты өткен мен бол­а­­шақ­ты үйлестіре жүзеге асыру болғандықтан, біз екі арнада мұны іске асыруымыз керек. Оның бірі – ғаламдық жетістіктерді өзімізге әкелу арқылы жаһандық дамуда өз үлесімізді алу. Екіншісі – өткен тарихымыз бен дәстүрімізден асыл құндылықтарымызды қайта жаңғыртып, ұлттық біре­гей­лігімізді сақтап қалу. Осы орайда, Елбасы ауқымы кең «туған елге» ұласатын «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынып отыр. Айналып келгенде туған жерді аялау, атамекенді қастерлеу қазақтың ұлт ретіндегі мәдени-генетикалық кодының негізі іспетті. Әрбір адамның жүре­гін­де кіндік қаны тамған же­ріне, өс­кен ауылына, туған же­ріне деген сүйіспеншілік, құр­мет болмайынша – Отан деген ұлы ұғымға адал қызмет ету, жан дүниесімен беріле сүю екіталай. Қазақтың «Туған жерге туыңды тік!» деуі де бекер емес. Туған жерінен тамыр тартқан әр адам баласы кіндік қаны тамған жері, туған елін іңк­әрлікпен құштарлана сүюі ар­қылы ел мәдениеті мен салт-дәс­түрлеріне айрықша атсалысуда шынайы патриотизмнің ма­ңызды көрінісі болмақ. Осы орайда, ынтымағы жарасып, түрлі ұлыстың басын қос­қан қастерлі қазақ топы­ра­ғы бей­біт­шіліктің қара ша­ңы­ра­ғына ай­налып отыр.

 

Досжан Әміров,
Ақмола облыстық сотының төрағасы