Жемқорлыққа қарсы шаралар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасы

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес аясында

 

Құрметті облыс тұрғындары. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес аясында Ақмола облыстық сотында ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бөлімінің басшысы апта сайын азаматтарды жеке қабылдау жүргізеді. Қабылдау күні: бейсенбі. Қабылдауды Ақмола облыстық сотының ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бөлімінің басшысы Нұрмағанбетов Ардақ Елубайұлы  жүргізеді.Телефон: 8-716-2-55-96-66.

Судьяның немесе сот жүйесі қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық әрекетін байқаған жеке немесе заңды тұлға Ақмола облыстық сотының ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бөлімі басшысының қабылдауында болып, шағымын жеткізе алады. 

 

Ақмола облыстық сотының
баспасөз қызметі

 

Бұланды аудандық сотының төрағасы

Р.Шакуанов

 

«Қазақстан – 2050» страте­гия­сында сыбайлас жемқорлық ұлт­тық қауіпсіздікке тікелей қауіп төндіре­тін құбылыс қатарына қойылып, мем­лекет пен қоғамды онымен күреске жұмылдыру көзделген. «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде партия төрағасы Н.Ә. Назарбаев елімізді одан әрі жаңғырту үшін «Бес институттық реформаны» ұсынды. Бұдан соң Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосылуын қамтамасыз ететін «100 нақты қадам» – Ұлт жоспары жарияланды. Мемлекеттік қызмет инс­титуттарында, экономикада және әлеу­меттік салада сыбайлас жемқорлықтың алдын алмай, аталған реформаларды іске асыру мүмкін емес.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері кез келген мемлекет үшін өзекті проблемалардың бірі. Барлық елдерде оның трансұлттық сипаты танылып, оған қарсы экономикалық, құқықтық және басқада шаралар қолданылуда. Сыбайлас жемқорлық  - заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кесел дамушы елдердегідей біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр.

Қазақстан Республикасында тәуелсіздік алған мезеттен бастап сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қатысты қатаң мемлекеттік саясат қалыптасты. Еліміз ТМД мемлекеттерінің арасында бірінші болып 1998 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» арнайы заңын қабылдады. Кейіннен бұл саладағы ұлттық заңнаманы жетілдіру барысында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы, Трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы конвенцияларын және басқада жалпы жұртта халықаралық актілерді ратификациялап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бүкіләлемдік қоғамдастықтың тең мүшесіне айналды.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Елбасы жолдауында: «Заңды бұзған екенсің,оның баптарына сәйкес жауапқа тартыласың» дейтін нақты ереже бар. Олай болмаған күнде біз кеңестік кездегі «заң қалай бұрсаң, солай бұралатын тәртенің» керін қайталайтын боламыз», - деп атап көрсеткен.

Бұл ретте, жемқорлықты жоюды мақсат еткен сот жүйесі де жолдауда көрсетілген тапсырмалардың шындыққа айналып, заңнамалардың талапқа сай орындалуына мүдделілік танытуды міндеті санайды. «Дүние–байлық неге керек, денсаулығың болмаса; төрелігің неге керек, халықтың көңілі толмаса» деген нақыл сөз сот саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлердің де бағдары іспеттес. Шынында да, біз әділ төрелік жасап, жемқорлықтан жоғары тұрған жағдайда ғана халық сеніміне ие боламыз.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – жалпыұлттық міндетіміз

Бұланды аудандық сотының
кеңсе меңгерушісі

Ә.Оразов

Сыбайлас жемқорлық өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі болып табылады. Ол экономикалық заңдардың еркін әрекетін біршама деңгейде шектейді және еліміздің әлемдік қоғамдастық алдындағы беделін төмендетеді, еліміз үшін пайдалы шетелдік инвентициялардың жолындағы басты кедергілердің бірі болып табылады.

“Сыбайлас жемқорлық” деген түсінік мағынасына этимологиялық қарау мұны “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген.

Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды. ҚР “Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “... мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алу”.

Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік органдарында аса қауіпті болып есептеледі. Практика көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық мемлекеттік жүйенің барлығын бұзады, мемлекеттік билік беделінің және мемлекеттік қызмет абыройның құлдырауына ықпал етеді. Бұл жағдайда ол мемлекеттік қызметшілердің шешім қабылдауда беделін түсіретін өкілеттілігінің және қатаң құқықтық есеп берудің, лауазымды тұлғаларды қадағалаудың жоқтығынан биліктің монополияға айналуына әкеліп соқтырады. Ол еліміздің, қоғамымыздың және жекелеген азаматтардың мүдделеріне көп зиян келтіреді.

Сыбайлас жемқорлық экономиканың дамуына да кедергі жасайды және ұйымдасқан қылмыстың, әсіресе экономика саласында, өсуіне ықпал жасайды. Сыбайлас жемқорлық бірталай экономикалық заңдардың іс-әрекетін төмендетеді және әлемдік қауымдастық алдында елдің беделін түсіреді, оған тиімді шетел инвестиция жолында басты кедергі болып табылады. Адал және әлеуметтік бағытталған бизнес нарықтан ысырылады, себебі сыбайлас жемқорлық мұндай бизнесті тиімсіз етеді.

Бүгінгі күні елімізде сыбайлас жемқорлықпен күреске жалпы мемлекеттік саясат мәртебесі берілген, оны жүзеге асыру бойынша ұйымдастырушылық және құқықтық іс-шаралар жалпы жүйелік және кешенді сипатқа ие болып отыр. Елбасының  тапсырмасымен 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы әзірленіп, 2014 жылдың аяғында Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы бекітілді.

«Мемлекет пен қоғам біртұтас майдан құрып жемқорлыққа қарсы шығуы тиіс. Жемқорлық - жай құқық бұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген сенімді бұзады және ұлттық қауіпсіздікке төнген тікелей қатер болып табылады», - деп атап айтқан болатын Елбасы Н.Ә.Назарбаев.

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес қылмыскерлерді жа­залау жөніндегі табанды шаралар ғана емес. Бұл - мемлекет пен қоғамның күн­де­лікті жұмысының тұтас кешені» болып табылады, - деген Елбасымыздың сөзін баршамыз басшылыққа алғанымыз жөн.

 

 

Ақмола облыстық соты сыбайлас жемқорлықты болдырмау
және оның алдын алу бойынша жиналыс өткізді

 

Ақмола облыстық сотының төрағасы Н.Әбдіқанов сыбайлас жемқорлықты болдырмау және оның алдын алу бойынша судьялар мен облыстық сот жүйесінің қызметкерлерімен жиналыс өткізді.

Сот төрағасы аудандық соттарының төрағалары мен құрылымдық бөлімшелерінің басшылары өз қызметкерлеріне жауапты екеніне назар аударды. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында сот ұжымдарында жүйелі түрде кездесулер мен әңгіме жүргізудің қажеттілігін атап өтті.

Облыстық сот төрағасы жыл басынан аудандық және оларға теңестірілген соттарына шығып бес кездесулер өткізген. Нақты айтқанда, Целиноград, Сандықтау, Жарқайын, Бурабай және Шортанды ауданының сот ұжымдары мен аудан тұрғындарымен кездесіп, жемқорлыққа қарсы күрес жайында әңгіме жүргізді.

Жиналыста ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бөлімінің басшысы А.Нұрмағанбетов баяндама оқыды.

Облыстық сот төрағасы кеңсе басшысына құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері және сот кеңселерінің меңгерушілері арасында жемқорлықтың алдын алу мақсатында іс-шаралар өткізуді тапсырды.   

 

Ақмола облыстық сотының
баспасөз қызметі

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар

ҚР Жоғарғы Соты қызметінің басым бағыттарының бірі сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу болып табылады.

Осы бағыттағы жұмысты жандандыру үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының өкімімен Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінде дербес құрылымдық бөлімше    Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі құрылды.

Осындай құрылымдық бөлімшелер облыстық және оларға теңестірілген соттардың кеңселерінде құрылды. Аумақтық бөлімдердің қызметін үйлестіру және олардың алдындағы міндеттерді анықтау ішкі қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөліміне жүктелді.

Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі мен оның аумақтық бөлімшелері ІҚБ-мен белгіленген міндеттерді орындауға бағытталған профилактикалық іс-шараларды тұрақты негізде өткізеді.

Мәселен, сыбайлас жемқорлық элементтеріне қарсы іс-қимыл, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністері туындаған кезде азаматтардың жүгінуіне мүмкіндік беру мақсатында, аумақтық бөлім бастықтарының азаматтарды күнделікті қабылдауын жүргізу механизмін әзірлеп, іске асырды.

Бұдан басқа, судьялық корпус пен сот қызметкерлерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтық факторларының алдын алу үшін және шұғыл шара қабылдау мақсатында, бөлім «сенім телефоны» (Call-центр) бойынша жұмыс жүргізуде.

Бұл азаматтардың өтініштеріне, ұсыныстарына, шағымдарына дер кезінде ден қою, судьялық корпус пен сот қызметкерлерінің тарапынан құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларды алу үшін қосымша жағдайларды қамтиды.

Сот жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мақсатында, Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі сот жүйесінің қызметкерлерімен, сондай-ақ жұртшылықпен жұмыс істеуді көздейтін Сот жүйесі органдарының имидждік саясатының тұжырымдамасын іске асыру жоспарын әзірледі.

Ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімі сот жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық көріністерін жоспарлы түрде алдын алуды және мемлекеттік органдар арасындағы сыбайлас жемқорлықтық деңгейін бағалау кезіндегі нольдік көрсеткішке қол жеткізуді мақсат етеді.