Ақмола облысының соттарында онлайн әлеуметтік сауалнама жүргізілуде

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

  Ақмола облысының соттарында онлайн әлеуметтік сауалнама жүргізілуде.
  Ақмола облыстық соты 2024 жылдың 12 наурызынан бастап сотқа қатысушы азаматтар арасында әлеуметтік сауалнама жүргізуді бастады.
  Мақсаты: облыс соттарының жұмысымен азаматтардың қанағаттану деңгейін зерделеу, соттардың жұмысын ұйымдастыру сапасын жақсарту, соттарға халықтың сенім дәрежесін анықтау.
  Сауалнаманы жүргізу кезінде алынған деректердің шындылығы зерделенетін болады. Сот процесіне қатысушы бір іс бойынша тек қана бір рет сауалнамаға қатыса алады.
  Сауалнаманың нәтижелері тоқсан сайын талданатын болады.
  Облыстың барлық соттарында сауалнамаға қатысу үшін QR-код процеске қатысушыларға қолжетімді болып орналастырылды.

 

Қайнар: 
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі